Құрметті жерлестер! Ардақты мұсылман қауымы!

Сіздерді Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – баршамызды бауырмалдыққа, қанағат пен қайырымдылыққа, ізгілікке шақыратын мереке.

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында республикамызда сан алуан ұлттар мен дін өкілдері өзара бірлікте тату-тәтті өмір сүруде. Адамды имандылық пен ізгілікке тәрбиелейтін дәстүрлі діндердің ұлық мерекелері елімізде ресми түрде аталып өтіледі.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемге өзін ынтымақтастығы жарасқан мемлекет ретінде танытты. Жетекші мұсылман елдермен дипломатиялық байланыс орнатты. Былтырғы жылы Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі – еліміздің тағы бір жетістігі.

Құрметті жерлестер!

Қасиетті Құрбан айт күні жасаған игі амалдарыңыз қабыл болсын! Мұқтаж жандарға қол ұшын беру, жамиғатты ымыра-бірлікке шақыруға бағышталған имандылық істеріңіз сәтімен болсын. Қасиетті Құрбан айт баршаңызға қуат беріп, алда да рухани жетілуге, адал еңбекке бастай берсін, ортамыз аман, деніміз сау болып, еліміз бен жерімізде бейбіт өмір салтанат құра берсін!

Сәтбаев қаласының әкімі Б.Д. Ахметов.

Қалалық мәслихаттың хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.