Қайырымды жүрек – жомарт қол

«Жанашырлыққа жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанына салу қазіргі дағдарыс кезінде екінің бірінің қолынан келе бермейді.

«Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» демей ме?! Орынбасар әжейдің егде жасына қарамай 4 баланы өз жауапкершілігіне алып, қамқорлық жасап жүруі – жүрегінің кеңдігі десек те болады. Тәртіптерін үнемі бақылап, ақыл-кеңестерін беріп жүрген мейірімді әже бүгінде мектеппен тығыз байланыста.

«Бала – бауыр етің» дегенді ұстанған әжей әрбір немересіне жан-жақты көңіл бөледі. Қамқоршы Орынбасар әжей немерелерінің бойына халқымыздың ұлттық өнерін, салт-дәстүрін сіңіріп, ата-ананы сыйлап, туған жерді аялау, қонақ күту, үлкен-кішіге қайырымдылық көрсету, еңбекқорлықты дарытып жүргені – олардың болашағына азық.

Төрт қыз баланың қамқоршысы болып отырған Сәрсембаева Орынбасар әжейге қамқоршылар күніне орай мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына береке-бірлік тілегіміз келеді.

А.Мусаева, №16 жалпы білім беретін орта мектептің әлеуметтік педагогы.

Комментарии закрыты.