Күз арулары

№5 орта мектепте оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыратын іс-шаралар жиі өтеді. Ондай шараларға белсенді оқушылар қатысып, жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосады. Сондай іс-шараның бірі – жақында 5-7 сыныптар және 8-9 сыныптар арасында өткен «Күз аруы – 2012» байқауы.

Оқушыларға күздің байлық, молшылық екенін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға қатысқандар өнердің әр түрінен бақ сынасты. Байқау «Таныстыру», «Өз өнерін көрсету», «Күз кереметі», «Сән үлгілері» кезеңдерінен тұрды. Іс-шарада мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары А.Ибадатова барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға қатысқан оқушылар өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді. Олар түрлі жеміс-жидектен жасалған тағам түрлерінен көрме ұйымдастырып, күзгі сән үлгілерін көрсетті.

Сайыс барысында өнерімен және шығармашылық қабілеттерімен ерекше көзге түскен аруларымызды қазылар алқасы жоғары бағалады. Сонымен, әділ қазылардың қорытындысы бойынша 5-7 сыныптар аралығында белсенді қатысып, жүлделі ІІІ орынды 6 «Б» сынып оқушысы Адина Фермағали мен 5 «А» сынып оқушысы Наталья Опарик, ІІ орынды 5 «Б» сынып оқушысы Ақнұр Жұмабекова, І орынды 7 «Б» сынып оқушысы Ақнұр Саржанова жеңіп алса, барлығынан озық шығып, ерекше көзге түскен 7 «В» сынып оқушысы Гүлдана Ақсақалова бас жүлдені жеңіп алды, 8-9 сыныптар аралығында байқау өте тартысты өтті, қорытындыға сай, жүлделі ІІІ орынды 8 «Б» сынып оқушысы Жұлдыз Төлен, ІІ орынды 8 «А» сынып оқушысы Александра Якимечко, І орынды 9 «А» сынып оқушысы Карина Галимзянова иеленіп, бас жүлдені 9 «Б» сынып оқушысы Мадина Казиева жеңіп алды.

Байқауға қатысқан аруларымызға мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.

Әйгерім Әкентай, 5 орта мектептің 7 «В» сынып оқушысы.

Комментарии закрыты.