Сәтбаев қаласының 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп кәсіпорындары 4717,3 млн. теңгеге өнім өндіріп, өткен жылдың осы кезеңіне 89,8%-ды құрады. Үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйекте Сәтбаев қаласында ауыл шаруашылығы өнімін жалпы шығару өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,5%-ға артты және 251,9 млн. теңгені құрады. Қалада мал мен құстың барлық түрлерінің 129,2 тонна еті өндірілді, жалпы сауылған сүт 1421,2 тоннаны құрады, жұмыртқа өндірісі – 1483,6 мың дана.

Жыл басынан бергі мерзімде қала кәсіпорындарымен 14550,0 млн. теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар игерілді, бұл жалпы облыс көлемінің 7,6%-ын құрайды

Құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 4545,0 мың теңгені кұрады, бұл жалпы облыс көлемінің 5,6%-ы. Жалпы ауданы 3315 ш.м. тұрғын үйлер іске қосылды.

Жедел деректер бойынша барлық өткізу арналарының бөлшек тауар айналымы 5341,5 млн.теңгені құрады және 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда (тұрақты бағамен) 9,4%-ға артты.

2012 жылғы тамызда ірі және орта кәсіпорындардағы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен шұғылданбайтын шағын кәсіпорындардағы қызметкерлер саны 18,3 мың адамды құрады.

2012 жылғы тамызда орташа айлық жалақы 149732 теңгені құрады және 2011 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 65,7%-ға артты.

2012 жылғы қыркүйекте орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17318 теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне 116,5% өсті.

Сәтбаев қаласы тұрғындары 2012 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 70194 адамды құрады, бұл Қарағанды облысы халқының 5,1%-ын құрайды.

Сәтбаев қаласының статистика басқармасы.

Комментарии закрыты.