Жәрмеңке бағасы қалыпты

Осы жолы «Ауыл – береке» жәрмеңкесі қасиетті Құрбан айттың екінші күнімен тұспа-тұс келді. Жәрмеңкеге ағылған жұрт түс ауғанша толастамады десе де болады. Жеке шаруашылық қожалықтарынан келгендер де, жергілікті кәсіпкерлер де өз өнімдерін қолайлы бағамен молынан өткізді.

Сәтбаев қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Амантай Әбілқасымовтың берген мәліметі бойынша, 27-ші қазандағы жәрмеңкеге 1 тоннадан сиыр, жылқы еттері, 900 кг қой еті, 500 л қымыз, 800 л сүт, 1 тоннаға тарта сары май, 350 кг ірімшік сатылған. Ұлытау ауданының 6 округінен әкелінген осынша азық-түліктің сапасы мен бағасын осы бөлімнің мамандары күні бойы бақылап жүрді.

– Құрбандыққа шалуға алған қой-ешкінің саны 150-ден асады. Бүгін негізінен сойылған етке қарағанда тірі мал жақсы өтуде. Алушыларға сойып, мүшелеп бұзып беру қызметі де көрсетіліп жатыр, – дейді Амантай Рахымбекұлы.

Бір байқағанымыз, жәрмеңкедегі барлық азық-түліктің бағасы көтерілмеген, қалыпты жағдайда ұсталған.

Майра Смағұлқызы.

Комментарии закрыты.