Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет

№16 орта мектепте қарт ата-әжелеріне арнап 4 сынып оқушылары концерт қойды. Ондағы мақсат – балаларды үлкендерге құрмет көрсетуге, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға баулу.

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты үш кезеңнен тұрған концертке қариялар дән риза болды. Халықтық педагогиканың асыл үлгісі – шешендік өнер. Билердің ғибраты мол нақыл сөздерін кішкене актерлер көрерменге барынша жеткізе білді. 4 «Б» сыныбы билеген «Қаражорғаны», 4 «А» сыныбының вальсін ата-аналар ерекше ықыласпен қабыл алды. Әке, ата, әже жайлы әндер шырқалды. Мереке соңында ата — әжелер концертті ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Байбатырова, Қ.Айранбаева, Ш.Ахметоваға рахметтерін айтып, ақ баталарын берді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.