Алғашқы кездесулер

Сәтбаев қаласында қыркүйек айында «Сәтбаев қаласы жастары бастамашылдығының орталығы» ММ бастамасымен қала жастарына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасын түсіндіру, жастарды әлеуметтік құқықтары бойынша ақпараттандыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттық-насихаттау тобы құрылды.

Топ құрамында «Сәтбаев қаласы жастары бастамашылдығының орталығы» ММ-нің, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының емханасы» ҚМКМ-нің мамандары бар.

Бекітілген жоспарға сәйкес 22, 25 қазан күндері №27 орта мектепте және Абай атындағы №4 лицей-мектебінде осы топтың мектеп оқушыларымен алғашқы кездесулер өтті. Кездесу барысында оқушы жастарға мемлекеттік жастар саясаты, орталықтың жұмысы туралы қысқаша ақпарат берілді. Топ мүшесі Н.Наурызбаев Қазақстан Республикасында жастардың шығармашылық, зияткерлік, спорттық дамуына арналған қолданыстағы бірқатар бағдарламалармен және алдағы уақыттың жоспарымен таныстырып өтті. А.Ахметова жастарды жұмыспен қамтуға байланысты атқарылып жатқан шараларға, «Жастар практикасы» бағдарламасына тоқталып, республикамызда және қаламызда тапшы мамандықтар туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында оқушылар тарапынан Жастар бастамашылдығының орталығы өткізетін іс-шараларға байланысты, оның ішінде қала әкімінің «Мақсат» сыйлығының номинациялары, жастардың зияткерлігін дамытуға арналған «Сәтбаев жұлдызы» фестиваліне қатысу шарттары туралы сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Алдағы уақытта бұл кездесулер қарқынды түрде жалғасын таппақ.

Ж.Алгаринова, «Сәтбаев қаласы жастары бастамашылдығының орталығы» ММ директорының м.а.

Комментарии закрыты.