Батыр қызға арналды

Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігін үлгі ету, ұмытпай ән мен жырға қосып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру – бүгінгі күннің парызы. Себебі Мәншүк қазіргі ұрпақ үшін өнеге, мақтанышпен айтылатын, тарихта алтын әріппен жазылған есім. Адамдардың есінде Мәншүк жас батыр қыз күйінде қалды. Невель қаласын жаудан қорғау кезінде қаза тапқанда ол бар болғаны 21 ғана жаста еді.

Жақында балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залында Мәншүк Мәметованың 90 жылдығына арналған «Қазақтың қайсар қызы – Мәншүк» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапханашы А.Байғазиева шолу жасап, соңынан балалар батыр қыздың ерлігі жайлы слайд-шоуды тамашалады.

Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов өзінің «Боздақтар» кітабында «Мәншүк өлімін естігенде, Мәншүктің қасындағы жауынгер жолдастарының туған жылын сұрап, олардың бәрі 1922 жылы туғандар екенін білгенде «Бәріміз құрдас екенбіз ғой!» деп еркелей айтқан сөздері есіме түсті. Сол сөзге орай мен Мәншүкке арнап «Жан құрбым» деген өлең шығардым» деп жазады. Сол өлеңді №1 мектеп гимназиясының 4-а сынып оқушысы Серікбай Нұрмұхамбет нақышына келтіріп оқып берді.

Кітап көрмесіне Ф.Оңғарсынованың «Арулар отты жылдарда», Ә.Нұршайықовтың «Боздақтар», М.Хакимжанованың «Мәншүк» поэмасы, т.б кітаптар мен газет-журналдардан алынған материалдар қойылды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.