Құқықбұзушылықтың алдын алу

Қарашаның 1 мен 3 аралығында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты акция өтті. Бұл акцияның барысында қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері бірқатар рейдтік шаралар ұйымдастырды.

Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алуды көздеген қалалық мәслихат хатшысы, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Имамбай комиссия мүшелері тізімде тұрған 70 жайсыз отбасыларының үйінде болды. Олармен әңгіме жүргізді. Іс-шара барысында екі жайсыз отбасы тіркелді. Түнгі мезгілде кәмелеттік жасқа толмаған 15 жасөспірім комиссия мүшелерінің назарына ілігіп, оларға түнгі уақытта көшеде ата-анасыз жүруге болмайтынын ескертілді. Бес адам уақытша бейімдеу және уытсыздандыру мекемесіне жеткізілді. Әкімшілік құқық бұзған азаматтармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Үш күнге созылған акцияда комиссияның екінші құрамы ішкі істер бөліміне қарасты бейімдеу және уытсыздандыру мекемесінде болып, оның жұмысымен танысты.

Б.Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.