Халықаралық жарыста екінші

Қараша айының 6-10 аралығында Петропавл қаласында бокстан 1997-1998 жылдары туылған жасөспірімдер арасында XVII Халықаралық турнир өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған бұл турнир КСРО спорт шебері Камиль Сафиннің жүлдесіне арналды.

Халықаралық жарысқа Ресейдің Омск, Красноярск қалаларынан және Астана, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаевтан 110 жас боксшылар қатысты.

Бұл додаға біздің жерлесіміз, №19 орта мектептің 8 сынып оқушысы Еламан Нұржанов 70 кг салмақта қатысып, II-ші орынмен оралды.

– Халықаралық деңгейдегі жарыста мұндай жеңіске жету біз үшін үлкен табыс. Еламан екеуміздің күні-түнгі еңбегіміз еш кетпеді. Енді Көкшетау қаласында желтоқсанның 5-19 аралығында жасөспірімдер арасында Республикалық ашық турнир өтеді. Қазір соған қызу дайындық үстіндеміз. Бұл жолы да үмітімді ақтайды деген сенімдемін, – дейді мәдени-сауықтыру спорт бөлімінің бапкер-жаттықтырушысы Ануар Үмбетжанов.

Сәтбаевтан бір жұлдыз жанып келе жатыр екен, ақ жол тілейік!

М.СМАҒҰЛ.

Комментарии закрыты.