Кезектен тыс сессия

Сейсенбі күні қалалық әкімдікте Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс XI сессиясы өтті. Оған қала әкімі Батырлан Ахметов, мәслихат хатшысы Серік Имамбай, депутаттар, әкімнің орынбасарлары және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Отырысты сессияның төрағасы Серік Орал ашып, жүргізді.

Күн тәртібінде қаланың қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріне қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша «Сәтбаев қалалық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2011 жылғы 8 желтоқсандағы XLI сессиясының №489 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Марат Бапов баяндады.

Одан әрі сессияда «Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы «Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» №26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы XIII сессиясының №125 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрақтар қаралып, тиісті шешім қабылданды.

М.Шахаева.

Комментарии закрыты.