Қылмыстың түрі азаяр емес

Балалардың отбасындағы зорлық -зоблыққа ұшырамауын, бала еңбегі мен олардың еңбектерін қанау мәселелерін, сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында қарашаның 14 мен 16-сы аралығында «Сен+Мен. Бәріміз бірге әлемді өзгертеміз» атты республикалық акция өтті.

Акция барысында ішкі істер бөлімі кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі топтың ұйымдастыруымен бірқатар білім ошақтарында кездесулер өтті. Топтың аға инспекторы Гүлнар Жалмурзинованың қатысуымен өткен жиында №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің жоғарғы сынып оқушыларына бүгінгі қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсіп, өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың жиі орын алатындығын түсіндірді. – Еліміз бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыстың неше түрі өршіп тұр. «Қарны тоқтық, уайымы жоқтық аздырып» бара жатқан жағдайлар біздің қаланы да сырт айналып жатқан жоқ. Бопсалау, ұрып-соғу, қорқыту жасөспірімдер арасында азаяр емес. Түнгі мезгілде ата-анасыз жүріп, қылмысқа бой алдыратындардың қатары күн санап өсуде. Отбасындағы тәрбие де балаға әсер етеді. Өзіне-өзі қол жұмсау бойынша да бірқатар оқиғалар орын алды. Балалардың еңбекте қаналуы, сонымен қатар, отбасындағы зорлық- зомбылық мәселелері күн тәртібінен түсер емес. Жазатайым жаман жолға түссең, жазаң да ауыр болады. Тек өзің ғана емес, ата-анаң да сендер кәмелеттік жасқа толғанша жауапты екендіктерін ұмытпаңдар,– деді аға инспектор Г.Жалмурзинова.

Кездесу барЫсында Гүлнар Шәріпқызы оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мектеп инспекторы Жадыра Оразымбетова білім ошағындағы жағдайды баяндады.

Екі күн өткен акцияның аясында №27 орта мектептің оқушыларымен де кездесу ұйымдастырылып, ақпарат берілді.

Дайындаған Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.