Базалық соттағы баспасөз конференциясы

Жезқазған қалалық сотының баспасөз қызметі сот жүйесінің ашықтығы, қолжетімділігі және жариялылығын, сонымен қатар жұмыс жоспарын қамтамасыз ету мақсатында ай сайын сот жұмысын қоғамдық ақпараттандыру үшін баспасөз-конференциясын өткізіп тұрады.

Осындай жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу жақында сот төрағасы Б.Сыздықовтың төрағалығымен өтті.

Күн тәртібіндегі «Жезқазған қалалық сотының 10 айдағы жұмысының қорытындысы» туралы Б.Сыздықовтың өзі баяндады.

Жезқазған қалалық сотына үстіміздегі жылдың 10 айында 2011 жылдан өткен 27 қылмыстық істі қосқанда өткен 10 айдың ішінде 259 қылмыстық іс түсіп, 291 тұлғаға қатысты 248 іс қаралған. Үкім шығарумен қаралған 102 іс бойынша 132 адам, оның 83-і ауыр қылмыс, 35-і орта ауыр қылмыс, 14-і онша ауыр емес қылмыс жасағандары үшін сотталған. Осы мерзімде 142 тұлғаға қатысты 129 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде рақымшылық бойынша 31 іске қатысты 35 тұлға жазадан босатылды. Сондай-ақ, 2028 азаматтық іс және 1328 материалдар мен ұсыныстар қаралған.

Жиынды қорыта келе, сот төрағасы Б.Сыздықов қылмыстық істердің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген уақыт ішінде және сапалы түрде қаралуы жағынан бірнеше жыл бойы жоғарғы көрсеткіштерге жетіп келе жатқандарын атап өтті.

Жалпы Жезқазған қалалық соты аймақтың Базалық соты болып табылады. Соған орай, соттың базасында Қарағанды облыстық сотының Оқу орталығының Филиалы құрылған. Базалық соттың құрамына Сәтбаев, Қаражал қалалық соты, Ұлытау және №2 Ұлытау (Жезді) аумақтық соттары және Жезқазған қаласының әкімшілік соттары кіреді. Базалық соттың қызметін жүзеге асыру мақсатында жұмыс жоспары, сонымен қатар аймақтағы соттар мен мамандардың тағылымдамадан өту жоспарлары құрылған. Аталған жоспарларға сәйкес, Оқу орталығымен аймақ судьяларының қатысуымен семинарлық сабақтар өткізіліп тұрады. Конференция соңында қалалық соттағы атқарылған іс- шаралардың тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұруына атсалысып жүрген журналистер қауымына сот төрағасы алғысын білдірді.

Майра Смағұлқызы.

Комментарии закрыты.