Егемен елдің мерекесі

Егемен еліміздің негізін салушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылы 1 желтоқсанда мемлекетіміздің Президенті болып сайланғаны баршамызға аян. Содан бері 21 жыл сынаптай зулап өткен. Осы уақыт ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясаттары жүзеге асып келеді. Солардың қатарындағы ең қуаныштысы – ата-бабамыздың елге егемендік әперсем деген асыл арманы Тұңғыш Президентіміздің сайлануымен жүзеге асуы еді. Одан бері қазақ елі өз алдына зайырлы мемлекет болып, өсіп-өркендеу жолында. Қазақстан индустриалды-инновациялы, дағдарысқа қарсы тұра білер экономикасы бар, бүкіл әлем алдындағы татулық пен достықтың үлгісі бола білді. Осы орайда: «Қаймана қазақтың күні-түні қаперінен шығармай ұстайтын бір нәрсесі: Президент деген сөз тұрақтылық, бірлік, өркендеу деген сөздермен балама екені…» деген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның сөзі ойға оралады. Шынында да, бүгінге дейін қазақ қандай жетістікке, жеңіске жетсе, соның әрқайсысында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі бар. Сондықтан да Тұңғыш Президент күнін Мемлекеттік мереке ретінде атап өту өте орынды деп ойлаймын. Себебі, бұл той – тұтас елдің тойы. Шермұханбет Байбосынов, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы.

Комментарии закрыты.