Бір де, екі де, үш те – бізде!

Қарашаның 19-21 аралығында Приозерск қаласының білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1995 пен 2002 жылдар аралығында туылған жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтті.

Приозерск қаласының өнер және спорт мектебінде өткен жарысқа 26 мен 69 келі салмақ категориясындағы жасөспірімдер қатысты. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 100-ден аса спортшы қатысқан жарысқа Жезқазған кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 6 тәрбиеленушісі барып қайтты. Бұл турнир біздің жерлестерімізге үлкен жеңіс әкелді. Командалық жарыста ІІІ орын мен кубокқа ие болумен қатар, боксшыларымыздың барлығы да жүлделі орындармен оралды. Исламбек Қанай 46 келі салмақ дәрежесінде І-орынды жеңіп алса, ІІ-ші орындарға Нұрболат Сапарбай 38 келі салмақпен, Давид Дүйсенбаев 48 келі салмақпен және Игорь Ягодкин 44 келі салмақпен ие болды. Ал Әлібек Жәменкенов (34 келі) пен Азамат Мағзұмов (36 келі) жүлделі ІІІ-ші орынды иеленді.

Болашақ былғары қолғап шеберлерін осы турнирге баптаған жаттықтырушы, спорт шеберлігіне кандидат Сұлтан Жұмабек БЖСМ директоры Шахмұрат Шілдебаевқа демеушілік көрсетіп қолдағаны үшін алғысын айтады.

М.СМАҒҰЛ.

Комментарии закрыты.