Тұңғыш Президентке арналды

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, биылғы жылдың 1 желтоқсанында еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекеленеді. Бұл айтулы күнді мерекелеудің негізгі мақсаты – қазақстандық қоғамды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың идеясы мен салиқалы саясатының айналасына біріктіру.

Жаңа мемлекеттік мерекені атап өтуге арналған үлкен бір  іс-шара №5 «Нұрбөбек» балабақшасында өтті. «Менің Отаным – Қазақстан» атты интеллектуалды марафонға «Қыран», «Лучик» және «Құлыншақ» ересек топтары қатысты. Сайыс бүлдіршіндердің ойлау дәре-жесін арттыру, олардың санасына отансүйгіштік құндылықтарды сіңіру, сонымен қатар, Тұңғыш Президет Н.Ә.Назарбаевтың ғаламат еңбегімен таныстыру мақсатында өтті.

Құрамында Сәтбаев қаласы әкім аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Г.Таңсықпаева мен білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары бар қазылар алқасы бес кезеңнен тұратын марафонға төрелік етті. Алғашқы «5 сұрақ» атты кезеңде топтарға тәуелсіз еліміздің тарихы мен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы сұрақтар қойылып, берілген дұрыс жауаптары есептелді. Одан әрі  бүлдіршіндер «мақал-мәтелдер», «салт-дәстүр», «ұлттық ойындар», «логикалық тапсырмалар» және «көрсетілген суреттерді есте сақтау» секілді кезеңдерде сайысты.

Байқау барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, бүлдіршіндер ән айтып, би биледі. Әсіресе, Бекзат Ілестің орындауындағы «Елбасы – Нұрсұлтан атамыз» атты ән көрермендердің ерекше қошеметіне ие болды.

Қорытындысында, «Құлыншақ» тобы жеңімпаз атанып,  «Зерек» номинациясымен марапатталды. II орынды иеленген «Лучик» тобы «Дарын» номинациясын жеңіп алды. Ал, «Қыран» тобына ІІІ орын мен «Үміт» номинациясы тапсырылды. Барлық топтарға балабақша әкімшілігі Грамоталар мен естелікке ойыншықтар сыйлады.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.