Кемеңгер көшбасшы

Қаламыздағы № 16 жалпы білім беретін орта мектебінде 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы, көшбасшы, кемеңгер» тақырыбында мектепішілік тәрбиелік іс-шара өтті.

Ауызша журнал түріндегі шараны «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының аға тәлімгері А.Жәнібекова 5 сыныптар арасында ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Елбасының өмірбаянына тоқталып, өмірінің ерекше кезеңдері атап өтілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бүгінгі жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің даму жолындағы ролі жайлы, қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, өмірі мен еңбек жолдары туралы түсінік беру.

Тәрбие сағатын қорытындылай келе әрбір оқушы өздерінің Елбасына арнаған өлең жолдарын оқыды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.