Айтулы күн

Қазақ елі тұңғыш рет Президент күнін атап өткелі отыр. Елбасының қазақ жеріне жасаған игі істері көп. Ішіндегі айрықша есте қалатыны – ядролық сынақты жапты, әлемдік дінаралық келісім күнін жариялап, бейбіт, дарқан өмір сүруге шақырды.

Қазақстан мемлекетінің көп ұлтты ел екенін ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Әлемдік нарықта қазақ елінің өзіндік орны бар екенін дәлелдеді. Елбасы күні – тәуелсіздік тұғырын асқақтататын айтулы мереке қатарына жатады. Бұл күн ресми түрде басқа да мерекелер секілді Қазақстан жерінде өз деңгейінде тойланбақшы. Мерекенің алғаш рет өтетініне қарамастан, іс–шаралар қызықты әрі мәнді болмақ. Желтоқсанның ызғарына қарамай, көңіліміз шат,жарқын жүзді болайық!

Елімізде алғаш рет өткелі отырған Елбасы мерекесімен баршаңызды шын жүрегіммен құттықтаймын!

Жайна Ділдебаева, С.Сейфуллин атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы.

Комментарии закрыты.