Қымбатты сəтбаевтықтар!

Қазақстанда 2012 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтеді.

Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі, өзінің мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында еңбегі орасан зор.

Әлемде бүтін бір мемлекеттің өркендеу тарихын бір адамның есімімен байланыстыру мысалдары жеткілікті. Әдетте, бұл жеке айрықшылығының арқасында қоғамдық күш-сананы жаңа мемлекеттіліктің негізін қалауға бағыттауға қол жеткізе білген және туған елінің әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алуын қамтамасыз еткен көрнекті тұлғалар.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басқа да республикалар сияқты жеке мемлекет құру, нарықтық экономикаға көшу, демократиялық қоғам құру және ұлттық сана-сезімді, қоғамдағы толеранттықты нығайту мақсатын алға қойды. Президент Н.Назарбаев экономикалық даму міндетін саяси өзгерістерден бұрын қоя отырып, экономиканы біртіндеп реформалау жолын таңдады. Біздің еліміздің табыстарының арқасында «дамудың қазақстандық үлгісі» ұғымы кеңінен тарады.

Барлық қазақстандықтар Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152 сессиясында ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін Астана қаласында өткізу туралы шешімін ерекше қуанышпен қабылдады. Бұған біз Елбасының, оның жоғары беделі мен еліміздің үлкен мүмкіндіктері арқасында қол жеткіздік.

Құрметті жерлестер! Сіздерді осы айтулы күнмен құттықтаймыз және баршаңызға денсаулық, еңбектеріңізге табыс, бейбітшілік пен гүлдену тілейміз.

Сәтбаев қаласының әкімі Ахметов Б.Д.

Қалалық мәслихат хатшысы Имамбай С.С.

Комментарии закрыты.