Былғары қолғаптылар жеңісі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнап Жезқазған қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 1999 бен 2002 жылдар аралығында туылған кіші жасөспірімдер арасында бокстан ашық біріншілік өткізді.

Жарыста Жезқазған және Сәтбаев қалаларының спортшылары бақ сынасты. Біздің қаламыздан 22 боксшы мен 1 бапкер, 1 төрешіден құралған мәдени-сауықтыру спорт орталығының командасы қатысып, жоғарғы нәтижелер көрсете білді. Қаламыздағы №15 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары Балмуханов Ануар (26 келі салмақта) мен Жолдыбаев Дәурен (50 келі) І-ші жүлделі орынды иеленді. Ал, екінші орынды үш баламыз – Ниязов Қанағат (46 келі), Бисенов Дәуіржан (50 келі) және Жолдасбеков Мадияр 38 келі салмақпен жеңіп алды.

Салмақтары 32 мен 57 келі аралығындағы 8 боксшымыз ІІІ-ші орындарға қол жеткізді.

Спортшыларымыздың осындай жетістіктерге жетуінде олардың бапкер-жаттықтырушысы Ануар Умбетжановтың еңбегі зор екендігін атап өтуіміз керек.

М.Смағұл.

Комментарии закрыты.