Елбасының құттықтауын жеткізді

Мемлекеттік мерекелердің қатарына енген 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде қаламыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері құрмет пен қошеметке ие болды.

Қала әкімінің орынбасары Марал Мәдиева мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Талиға Қапарова бүгінде тоқсаннан асқан Шакур Ахметов, Маргарита Коваленко, Тоғай Дауылбаев, Станислав Шантер, Шермұхамбет Байбосыновтың шаңырағында болып, Елбасының құттықтауы мен 15 мың теңге ақшалай сыйлығын тапсырды.

Қарттар бұл құрметке шексіз ризашылықтарын білдіріп, Елбасының амандығын тілеп, еңбегіне табыс тіледі.

Сонымен қатар, Иван Тарбеев, Құдрет Ахчабаев, Лариса Молчанова, Надежда Чумак, Трофим Соколов, Василий Степанов пен Нина Шульгинаның үйлеріне қала әкімінің орынбасары Анатолий Ким барып құттықтаса, қалалық мәслихаттың хатшысы Серік Имамбай Манап Тұрлыбек, Михаил Камаш, Нияз Калимов, Иван Онигдюк пен Бәкібай Балғымбаевты құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.