Балаларды қуантты

Тұңғыш Президент күнінде қала әкімі Батырлан Ахметов, қалалық мәслихаттың хатшысы Серік Имамбай және қала әкімінің орынбасары Марал Мәдиева Жезқазған кентінде орналасқан «Мерей» және М.Құлышева атындағы «Балалық шақ» отбасы түріндегі балалар үйінде болып, балаларды мерекемен құттықтады.

Батырлан Дүйсенбайұлы қамкөңіл балаларға ыстық лебізін білдіріп, мерекеге арнайы дайындалған сый-сияпатын тапсырды.

Қос балалар үйінің бүлдіршіндері де құр алақан қалған жоқ. Олар да қонақтарға өздерінің қолөнер туындыларын сыйға тартып, концерттік бағдарламаларын қойды. Бірі ән салса, бірі би билеп, көтеріңкі көңіл күйде болды.

Ел анасы Сара Назарбаеваның бастамасымен төртінші жыл қатарынан аталып келе жатқан 29 қараша – Ризашылық күнінде «Мерей» балалар үйіне «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері келіп, жатын бөлме жиһаздарын және іс тігетін құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.