Құрметті жерлестер және қала қонақтары!

Сіздерді еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік күні – бұл кең байтақ жерімізге қоныстанған бейбітшілік пен тұрақтылық, қайрат-жігер мен ерлік, ұрпақтар сабақтастығы мен ата-бабаларымыз аманат еткен игі дәстүрлерге деген құрмет.

Тұңғыш Президентіміз, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні» атты мақаласында атап өткендей, егемендігіміздің тұсында «біздің мемлектіміз бен қоғамымыз ұлы жаңғыртулар жолынан өтті. Қазір Қазақстан табанды өзгерістердің жаңа кезеңіне аяқ басты».

Елбасының сындарлы да салиқалы саясатының, оның болашақты болжай білуінің арқасында Қазақстан Республикасын бүгін барша әлем бейбітшіл және өркендеген ел ретінде таниды. Мұның айқын дәлелі EXPO – 2017 әлемдік көрмесін Астанада өткізу үшін жүргізілген байқаудағы еліміздің абсолюттік жеңісі болып табылады.

Қымбатты жерлестер, әрқайсымыз үшін аса маңызды күні біздің тек тарихи оқиғалардың куәгері ғана емес, қазақ мемлекеттілігінің белсенді құрылысшысы екенімізді сезіну зор қуаныш. Қаламыз бен еліміздің мол игілікке бөленуі біздің еңбек ете білуімізге, сондай-ақ, табиғат байлығы мен өндіріс әлеуетін тиімді пайдалана алуымызға тікелей байланысты.

Барлық қазақстандықтардың күш-жігері арқасында ізгі мұраттарымызға қол жеткізіп, әрдайым гүлденген, мықты да егемен елде өмір сүретінімізге біз кәміл сенімдіміз.

Сіздерге айтулы мереке қарсаңында ашық аспан, ізгілік, молшылық пен бақ-береке тілейміз! Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолында қажырлы еңбек етіп, толағай табыстарға жете беріңіздер!

Отанымыз гүлденіп, елдігіміз арта берсін!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі Б.Д.Ахметов.

Қалалық мәслихат хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.