Қазынашылықтағы ауқымды істер

Елбасымыз жыл сайынғы халыққа Жолдауларында Үкімет алдында қазақстандықтардың тұрмысын одан әрі жақсарту, жедел дамуына қол жеткізу және бәсекеге қабілетті мемлекет орнатуға бағытталған бірнеше стратегиялық міндеттер қойып келеді. Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасы осы міндеттерді орындау мақсатында ауқымды қызмет атқаруда.

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасы мемлекеттік мекемелердің 29 кодтарына және 15 шоттарына қызмет көрсетеді. Оның ішінде республикалық бюджеттен-1, облыстық бюджеттен-8, жергілікті бюджеттен-20, ақылы қызметтер жөніндегі шоты-1, демеушілік, қайырымдылық көмек шоты-4, уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру шоты-10.

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасы арқылы 2012 жылы 17535 қаржылық құжаттар өткізілді.

Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету тиімділігін көтеру және жұмысын жақсарту мақсатында 2012 жылы 4 рет қазынашылық басқармасының қызметкерлері №220 Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және «Қазынашылық-Клиент» электрондық құжат айналымын іске асыру жобасы бойынша мемлекеттік мекемелердің бас есепшілерімен семинар-кеңес өткізді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық және операциялық жоспарында бекітілген тапсырмаларды орындау бойынша «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінің енгізілуі мен таралымын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. Бұл жөнінде Қазынашылық департаментіне тоқсан сайын ақпарат беріліп тұрады. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Сәтбаев қаласы бойынша 4 мемлекеттік мекеме «Қазынашылық – Клиент» ЭҚЖ арқылы электронды қызмет жасауға көшті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын және «Қазақстан-2030» Стратегиясын насихаттау мақсатында қазынашылық басқармасында 2012 жылы Медиа-жоспарға сәйкес «Халықтың әл-ауқатын жақсарту – мемлекет саясатының басты бағыты», «Жаңа Жолдау – жаңа бағыт», сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және басқарма қызметкерлерінің оң имиджін көтеру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл», «Мемлекеттің мемлекеттік қызметшілерге қойған талабы», «2012 жылы «Қазынашылық – Клиент» қазынашылық жүйесінде іске асырылуы», қызметкерлер арасында отансүйгіштікті, ұлтжандылықты, мемлекеттік тілді дәріптеу мақсатында «Елтаңба, Ту, Әнұран, қалықтай бер жас қыран», «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» тақырыптарында іс-шаралар өткізілді.

Басқармада Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалған. Аталған жоспарды іске асыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тілге көшуіне талдау жүргізіледі, осы жайлы ақпарат тоқсан сайын Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментіне жіберіліп отырады. Сонымен қатар, Қазынашылық департаментімен және мемлекеттік мекемелермен хат алмасу, басқарма қызметкерлерінің жұмыстары бойынша есептер мемлекеттік тілде және орыс тілінде дайындалады. Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасы мемлекеттік мекемелерден қаржылық құжаттарды мемлекеттік тілде қабылдайды.

Басқармада экономикалық-техникалық оқу жоспарына және келіп түскен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес уақытылы оқу жүргізіліп отырады.

Алдағы уақытта да қаржы жүйесіндегі жұмыстың тиімділігін, ашықтығын қамтамасыз етіп, қызмет көрсету сапасын жақсартуға жан-жақты жағдай жасалмақ.

Б.Шәкенов, қалалық қазынашылық басқармасының бастығы.

Комментарии закрыты.