Мерекедегі марапат

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай сәрсенбі күні Сәтбаев қалалық емханасында салтанатты жиын өтті. Жиынды ашқан емхана басшысы Әлия Қоңырова медицина қызметкерлерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, халық денсаулығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектері үшін шынайы алғысын білдірді.

Одан әрі жиналыста тәуелсіздік жылдары еліміздің денсаулық сақтау ісін дамытуға үлес қосқан емхана қызметкеріне ерекше құрмет көрсетілді.

«Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекованың 2009 жылғы 10 қарашадағы №689 бұйрығын орындау мақсатында Сәтбаев қалалық емханасының басшысы Ә.Қоңырова азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін емхананың аға медбикесі Айгүл Қоянбаеваның төсіне «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісін тақты.

Айгүл Қоянбаева өз тарапынан еңбегін бағалап, осындай қошемет көрсетіп жатқан емхана басшысына және әріптестеріне алғысын білдірді.

Бұл марапат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың денсаулық саласы қызметкерлеріне деген құрмет деп білеміз.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.