Мақсат – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру

Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылу керектігін баса айтты.

Елбасы Жолдауында «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен, елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», – деп атап өтті.

Саяси тұрақталып, экономикалық қарышты дамыған еліміздегі ендігі мәселе – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру міндеті тұр. Жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру отбасында және білім беру ошақтарында бастау алатыны сөзсіз.

Елбасының стратегиясындағы осы бағыт бойынша білімнің қарашаңырағы №27 орта мектепте ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.

Жастарды елжандылыққа, отансүйгіштікке, ұлттық санасы бай азамат тәрбиелеу мақсатында ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығының аясында мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ерлан Қостаевтың ұйымдастыруымен «Туға қарап түзел» атты сапта жүру сайысы өтті.

Сайыс Әнұранмен ашылып, желтоқсан оқиғасының құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Сапта тізілген әр сынып оқушылары саптық тәртіппен жүру, жеке саптьқ жүріс, сапта жүріп ән айту талаптары бойынша шеберліктерін көрсетті.

Патриоттық тәрбиені жас ұрпақ бойына сіңіруді мақсат еткен сайыстың нәтижесінде жоғарғы сыныптар арасында І орынды 11 ә сыныбы иеленді. Ал, ІІ орынды 9 ә сынып еншілесе, ІІІ орынды 9 б сыныбы алды. Ал, ортаңғы буыннан 8 сынып оқушылары жақсы ойын өрнегін көрсеткендіктері үшін марапатталды.

Жеке саптық жүрісте ерекшеленген А.Төлеу, Д.Шахмұрат марапатталды. Әскери формадағы киім үлгілерін жақсы әзірлегені үшін 11 ә және 8 а сыныптары ерекше аталып өтті.

Б.Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.