Есепке алу аспаптарын орнату – заман талабы

Мемлекет басшысы Н.Ә Назарбаевтың ең маңызды мақсаттарының бірі – энергияны үнемдеу бағытында әртүрлі әдістерді қолдану болып табылатын тапсырмасын орындау бойынша жұмыстардың бірі – энергоресурстарды пайдалану көлемін нақты есептеумен қамтамасыз ету болып табылады.

Энергияны үнемдеу бағытындағы іс-шараларына Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңымен бекітілген, табиғи монополия субъектілерінің, тұтынушыларды реттелетін коммуналдық қызметтерге есепке алу аспаптарымен қамтамасыз ету міндеттемелері жатады. Сонымен бірге, тұтынушылар есебінен суық су және ыстық суға жеке есептеу аспаптарын орнатумен қатар, жылу беруге жалпы үйлік есептеу аспаптарын орнату талап етіледі.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 11 бабының 2) және 4) тармақтарына сәйкес, табиғи монополия субъекті тұтынушылары, реттелетін коммуналдық қызметтерге есеп құралдарын орнату және келісім шартқа сәйкес, реттелетін коммуналдық қызметтерге есеп құралдарын орнатып, пайдаланғаны үшін мерзімінде төлемақы төлеуге міндеттеледі.

Яғни, тұтынушылар жылыту энергиясына, суық су және ыстық суға есепке алу аспабын орнатқылары келсе, олар табиғи монополия кәсіпорнымен келісім-шартқа отырады. Осы сәттен бастап, кәсіпорын тұтынушы талап ететін есептеу аспабын орнатуға, ал, тұтынушы пайдалануға алған есептеу аспабының құнын, белгіленген мерзімде қайтарып беру кестесі бойынша жеке-жеке бөліп төлеуге міндеттеледі.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент), Техникалық реттеу бөлімінің бас маманы К. Иманбековпен, 2012 жылғы IV тоқсандағы Агенттіктің тариф белгілеу мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы іс-шаралар жоспарының 4-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 20-шы желтоқсанында Жезқазған қаласында халық арасында жылумен жабдықтау бойынша есепке алу аспаптарын орнатуының қажеттілігі мәселелерін түсіндіру бойынша жиналыс өткізді. Кездесуде тарифтік саясаттың негізгі мәселелері, соның ішінде жылу энергиясын есепке алу құралдарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтер енгізу, үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатудың тиімділігін насихаттау, есептеу құралдарын орнату рәсімдері, үйлерде орнатылатын автоматтандырылған жылу пункттерін орнату сұрақтары бойынша түсініктеме берілді. Тұтынушылардың барлық сұрақтарына «Қазақмыс Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Жезқазғантүстімет» филиалы Сәтбаев қаласы жылу-сумен жабдықтау кәсіпорынының, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері және Департамент қызметкерлері толық жауап берді.

Жезқазған қаласында өткізілген кеңесте ТМС-нің басшылары төрағалық етті. Күн тәртібі – халық арасында жылумен жабдықтау бойынша есепке алу аспаптарын орнатудың қажеттілігі мәселелерін түсіндіру туралы. Кеңестің хаттамалық шешіміне сәйкес, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» филиалы Сәтбаев қаласы жылу-сумен жабдықтау кәсіпорынына бірқатар тапсырмалар жүктелді:

– реттелетін қызметтерге есепке алу аспаптарын орнату жұмыстарын жеделдету;

– нормативтік ысыраптарды азайту және нормативтен тыс ысыраптарды жою бойынша іс-шараларды жүргізу жұмыстарын күшейту;

– «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» филиалы Сәтбаев қаласы жылу-сумен жабдықтау кәсіпорынына тоқсан сайын атқарылған жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушылардың назарына жеткізу;

– реттелетін коммуналдық қызметтерге есепке алу аспаптарын орнату бойынша жұмысты жеделдету;

– жергілікті атқарушы органдарға халық арасында есепке алу аспаптарын орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ТМС-не есепке алу аспаптарын орнатуға қолдау көрсету.

Кездесудің қорытындысы бойынша келешекте бірлесіп атқарылатын жұмыстардың негізгі басымдылықтары анықталды және тапсырмалардың орындалуын Департамент бақылайды.

Өз кезегінде пәтер иеленушілер кооперативтерінің төрағалары жылу энергиясын есептейтін үйге ортақ есептеу аспаптарын орнату қажеттілігімен келісіп, тұрғындармен орнатудың тиімділігі жөнінде кездесулер ұйымдастыруға көмек көрсететіндерін айтты.

Сәтбаев қаласы жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорыны әкімшілігі.

Комментарии закрыты.