Құрметті сәтбаевтықтар!

Мағыналы әрі қызықты оқиғаларға толы жыл ретінде есімізде қалатын 2012 жыл тарих қойнауына еніп бара жатыр.

Өткен жылы еліміз өз дамуында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  тәуелсіздік жылдары стратегиялық құжаттарда алдымызға қойған мақсаттардың іске асырылуы бүгінде қалыптасқан мемлекеттің саяси бағытының негізіне айналды. Астананың халықаралық ЭКСПО —  2017 көрмесін өткізу орнына бәсекелестікте табысқа жетуі – Қазақстанның әлемдік аренадағы беделінің артуының  тағы бір дәлелі. 2012 жылы біз алғаш рет Тұңғыш Презиздент күнін атап өттік, қазақстандық спортшылардың жазғы Олимпиададағы жасампаз жеңістерінің куәсі болдық.

Былтырғы жыл біздің қаламыз үшін де табысты болды. Барлық қала тұрғындарының қолдауы мен еңбексүйгіштігінің арқасында біз сәтбаевтықтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жоспарланған міндеттерді орындадық, тау-кен өндірісінің кәсіпорындары ел экономикасына қомақты үлес қосты, шағын және орта бизнес дамуда. Сүйікті қаламыздың дамуына жаңа серпін берген Жезқазған өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын және Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру басталды.

Жаңа жылда біздің алдымызда  маңыздылығы мен жауаптылығы жағынан келелі міндеттер тұр. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жаңа Жолдауында ұлттың 2050  жылға дейінгі саяси бағытын айқындап берді, бұл – ел дамуының алтын ғасырын бастаған тарихи құжат. Қазақстанның мызғымас көпұлтты халқы әлеуетті және мықты мемлекетті қолдайды, сондықтан әр сәтбаевтық күнделікті қажырлы еңбегімен қазақстандықтардың баянды болашаққа деген асқақ арманының орындалуына өз үлесін қосады деп сенеміз.

Сіздерді, қымбатты жерлестер, отбасылық жарқын мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Баршаңызға жақсылық, денсаулық және ырыс-береке игі  тілектерімізді қабыл алыңыздар. Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында жаңа табыстар мол болсын!

Жаңа жылдарыңызбен!

Сәтбаев қаласының әкімі Б.Д.Ахметов.

Қалалық мәслихат хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.