Мемлекеттік Рәміздердің қолданылуы талқыланды

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссия 2012 жылдың соңғы отырысын өткізді. Комиссия төрағасының орынбасары М.Мәдиева комиссия мүшелерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өткен жылдағы бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғысын жеткізді.

Отырыста қаралған басты мәселе – жалпы білім беру мекемелеріндегі рәміздерді қолдану және насихаттау жұмысы туралы қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Ш.Жанасылова ақпарат берді.

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі қалалық комиссияның 2013 жылға арналған жұмыс жоспары туралы жоспарымен М.Мәдиева таныстырды.

Мемлекеттік рәміздердің кейбір мекемелердегі қолданылуы жөнінде комиссия мүшелері өз ойларын ортаға салды.

Жиын қорытындысында білім мекемелеріндегі мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстары қанағаттанарлық деп танылды.

Отырысқа төрағалық еткен М.Мәдиева комиссияның жұмыс органы болып табылатын Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөліміне қабылданған жұмыс жоспарының орындалуын қадағалауды тапсырды.

М.ЖАППАСБАЕВА, комиссия мүшесі.

Комментарии закрыты.