Саяси кеңес Бюросының отырысы

Желтоқсанның 27 күні «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалының саяси кеңес Бюросы отырысы өтіп, оны филиал төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа қала әкімінің орынбасары М.Мәдиева, Бюро мүшелері, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері қатысты.

Күн тәртібінде «Сәтбаев қаласының жергілікті мемлекеттік атқару органдарының денсаулық сақтау саласындағы жұмысы туралы»; «Сәтбаев қалалық мәслихатының «Нұр Отан» ХДП фракциясының жұмысы туралы»; «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалының 2013 жылға жұмыс жоспары туралы»; «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы Бюросының 2013 жылға жұмыс жоспары туралы» және «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалының жанындағы ақпараттық-насихаттау топтарының құрамын бекіту туралы» мәселелер қаралды.

Алғашқы мәселеге орай М.Мәдиеваның баяндамасы тыңдалып, Бюро мүшелерінің талқысына салынды.

Сәтбаев қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» ХДП фракциясының басшысы А.Төлендина екінші сұрақ бойынша есеп берді. Қалалық филиалдың және филиал Бюросының 2013 жылға арналған жұмыс жоспарларымен «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиал төрағасының орынбасары Н.Наурызбаев таныстырды.

Отырыста филиал жанындағы ақпараттық-насихаттау топтарының жаңа құрамы бекітілді.

Ж.Дәрібаев Бюро мүшелерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, отбасына амандық, Елбасы тапсырмаларын орындау жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Майра СМАҒҰЛҚЫЗЫ.

Комментарии закрыты.