Бағдарлама игілігін көрді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасының аясында сәтбаевтық жүзден аса азамат баспаналы болып, бағдарлама игілігін көруде. Жыл айрығында осы бағдарлама бойынша тағы да 35 тұрғын қоныс тойын тойлады.

Бұл жолы көптен үй кезегінде тұрған  мүгедектер, ата-анасынан айырылған жетімдер, көп балалы және толық емес отбасылары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, ауған соғысының ардагерлері Наурыз 3в мекенжайында орналасқан көп қабатты үйден баспанаға ие болды.

Тұрғындарға салтанатты жағдайда кілт тапсыру рәсімі өтті.

Оған қала әкімі Батырлан Ахметов, қалалық мәслихаттың хатшысы Серік Имамбай және қала әкімінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Қала әкімі Б.Ахметов пен  үйдің кең әрі жылы да жайлы болуына бірден-бір күш салған «Арлан к-зет» ЖШС-і бас инженері Юрий Негрий  құттықтауларын жеткізіп, лента кесу рәсімін жасады.

Одан кейін қала басшысы Б.Ахметов салтанатты түрде пәтер кілттерін тапсырды.

Бұл игілікті істі қолға алып, халықтың мұқтаждығын шешкен Елбасына және осы бағдарламаның кеншілер қаласында жүзеге асырылуына үлес қосқан жергілікті әкімдікке баспаналы болған азаматтардың айтар алғыстары шексіз.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.