Запастағы солдаттар мен сержанттарды әскери есепке қою

Мемлекеттік қызметті жергілікті әскери басқару органдары (уәкілетті орган) көрсетеді немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы көрсетіледі. Жергілікті әскери басқару органдары жоқ елді мекендерде запастағы солдаттар, сержанттарды әскери есепке алу мен шығаруды кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері қамтамасыз етеді.

Әскери есепке тұру үшін көлік құралын жүргізу құқығын иеленбейтін запастағы солдаттар, сержанттар келесі құжаттарды ұсынады: әскери есепке қою туралы өтініш, жеке куәлік  және келесі құжаттардың бірін: 1) бұрын әскери есепке тұрған жерінен әскери есептен шыққаны туралы белгісі бар әскери билет; 2) бұрын әскери есепке тұрған жерінен әскери есептен шыққаны туралы белгісі бар уақытша куәлік (әскери билеттің орнына).

Әскери есепке тұру үшін көлік құралын жүргізу құқығын иеленетін запастағы солдаттар, сержанттар келесі құжаттарды ұсынады: әскери есепке қою туралы өтініш,  жеке куәлік және  келесі құжаттардың бірін: бұрын әскери есепке тұрған жерінен әскери есептен шыққаны туралы белгісі бар әскери билет; бұрын әскери есепке тұрған жерінен әскери есептен шыққаны туралы белгісі бар уақытша куәлік (әскери билеттің орнына); жүргізуші куәлігі.

Мемлекеттік қызмет тегін, 1 күн мерзімінде  көрсетіледі.

М.Жансүгірова, ХҚКО инспекторы.

Комментарии закрыты.