Сәтбаев қаласының әкімі Б.Д.Ахметовтың 2012 жылдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Құрметті сәтбаевтықтар!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу жөнінде» Жарлығына сәйкес, жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындарға есеп беру кездесулері өтеді. Кездесу барысында атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық даму реформаларының нәтижелері қорытындыланып, келешекте жасалатын міндеттер анықталады. Сәтбаев қаласы тұрғындарының осындай кездесулерге қызығушылықтарының артуы өзара байланыс құралының тиімділігін дәлелдейді.

Өткен жыл мемлекет өмірінде маңызды оқиғаларға толы болды, оның ішінде ең маңыздысы, әрине, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетіміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күнінің қарсаңында 2012 жылғы 14 желтоқсанда ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы болды. Жаңа Жолдаудың ерекше маңызы Елбасының «2030 жылғы Қазақстанның даму стратегиясы» бағдарламасын уақытынан бұрын аяқтау керектігі болды. Бұл стратегия қазіргі уақытқа дейінгі қойылған жоспарлар мен бағдарламалардың негізгісі болды. Біздің мемлекетіміз егемендіктің 20 жылында саяси салмақты бекітуге жұмыс жасады. 20 жыл өткен соң бұған да қол жеткіздік. Нәтижесінде Қазақстан әлемдік экономикалық форумның рейтинг қорытындысы бойынша планетаның ірі экономикаларының қатарынан 51 орынға ие болды.

Өткен жылдың ең басты саяси жаңалығы ол Астанамыздың «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің өту құқығын жеңіп алуы болды.

Жыл сайынғы есеп беру кездесулерін өткізу мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірін әрі қарай демократизациялау үдерісіндегі маңызды буын болып қана қоймай, билік органдарының тұрғындармен байланыс орны болды, осы кездесулер тұрғындардың алға қойған аймақтардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуде жауапкершілікті жоғарылату құралы болып отыр.

Былтырғы жылғы Сәтбаев қаласы әкімінің есеп беру кездесуінің барысында қала тұрғындарынан 10 ұсыныс түсті, оның жетеуін 2012 жылы іске асыру көзделді. Олардың барлығы орындалды. Көтерілген мәселелердің негізгі бөлігі тұрғын үй-коммуналдық сала қызметін жақсарту, аулаларды абаттандыру болды. Келесі мәселелер өз шешімін тапты, олар М.Горький және М.Жалел көшелеріне канализациялық жүйе өткізу, ГРП елді мекеніне шаруашылық ауызсу беру, Сәтбаев қаласының жолаушылар тасымалдау көліктерінің кестесі қайта қаралды, жыл бойына 20-ға жуық балалар ойын алаңдары орнатылды. Жолдарды асфальттауға қатысты сұрақтар 2013 жылы шешіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған 2012 жыл Сәтбаев қаласы үшін жемісті жыл болды. Сәтбаев қаласын Моноқалаларды дамыту Үкіметтік бағдарламасына енгізу біздің қаламыздың ұзақ мерзімді келешегінің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда Сәтбаев қаласы көптеген көрсеткіштер бойынша жақсы динамикаға ие. Әрине, ең маңызды жағдайлардың бірі кездесулердегі тұрғындардың атап өткен ұсыныстарын орындау және кеншілер қаласының экономикалық әлеуетін нығайту, әлеуметтік саласының дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Осы бағытта 2012 жыл Сәтбаев қаласы үшін сәтті болғандығын атап өту керек. Қаламызда экономиканың барлық саласында динамикалық даму жалғасын тапты. Сонымен қатар, 2012 жылы біз «2012-2017 жылдарға Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды бастадық.

ЭКОНОМИКА

Атқарушы билік органдарының экономиканың нақты секторын дамыту бағытында атқарған жұмысы 2012 жылдың қорытындысы бойынша жақсы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сәтбаев қаласының аумағында экономиканың нақты секторының 5 кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың төртеуі «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындарында тау-кен техникасына сервистік қызмет көрсетсе, біреуі нан өнімдерін шығарады. Қаңтар-желтоқсан мерзімдерінде өнеркәсіптен және өнеркәсіп өнімдер қызметінің көлемінен 6965,0 млн.теңге күтілуде, 2012 жылғы тиісті мерзімде 117,3 % құрады (5939,0 млн.теңге). Өнеркәсіп өндірісінен 2013 жылғы 1 қаңтарға 93 % құрады.

2012 жылға кірістер бойынша жоспарланған 1 млрд. 207 млн. 783 мың теңгенің орнына 1 млрд.259 млн. 125 мың теңгені немесе 104 % құрады.

Салықтық түсімдер бұрынғысынша қала бюджеті кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігі болып табылады. Кірістің бұл тобы бойынша жоспарлық көрсеткіш 102,65 %-ке орындалды. Жоспарланған 1 млрд. 132 млн. 510 мың теңгенің орнына, 1 млрд.162 млн. 528,7 мың теңгені немесе 30 млн. 018,7 мың теңгеге асыра орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы жоспарланған 4 млрд. 336 млн. 654 мың теңгенің орнына 4 млрд. 336 млн. 536 мың теңгені немесе 100 % құрады. Мақсатты трансферттер бойынша игеру жоспарланған 941 млн. 988 мың теңгенің орнына, 941 млн. 986 мың теңгені немесе 100 % құрады.

Қала тұрғындарының саны 2013 жылдың 1 қарашасындағы статистика бойынша 70229 адамды құрайды, экономикалық белсенді – 42 370 адам.

Қалада еңбекақы бойынша қарыз жоқ.

Қала бойынша 2011 жылғы (10 млрд. 697,6 млн.теңге) тиісті мерзімге қарағанда 2012 жылғы есеп беру мерзіміне негізгі капиталға инвестиция көлемі 21 млрд. 140 млн. теңгені немесе 185,8 % құрады. Сәтбаев қаласы бойынша инвестициялардың басым бөлігі – 80 %-зы (17 млрд. 140 млн. теңге) «ЖТМ» ӨБ тау- кен өнеркәсіптеріне келеді. Қаланың басқа мекемелері мен кәсіпорындары бойынша өткен жылғы тиісті мерзімге қарағанда (2011 жылы 1 млрд. 306,1 млн. теңге) инвестиция көлемі 4 млрд. немесе 290 % құрады.

Нақты көлем индексі – 176,8 % .

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қалада кіші және орта бизнестің әрі қарай дамуына басты назар аударылады. 2010-2012 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде Сәтбаев қаласынан Аймақтық индустриалды Картаға екі жоба енді: «Ахтямов» ШҚ құс фабрикасын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту және компрессор орнатқыштарын жөндеу және модернизациялау бойынша цех құру – «Рудсервис» ЖШС.

Қала кәсіпкерлері жеке бизнестерін кеңейтумен белсенді түрде айналысуда, олар бизнестерін банктік несиелер және шағын несиелер жолымен инвестициялауда. 2013 жылғы 1 қаңтарға қаламызда 1934 шағын бизнес субъектісі тіркелген, 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1878) 103 %-ті құрайды. Оның ішінде белсенділері – 1161 немесе барлық тіркелгендердің 61%. Шағын бизнесте жұмыс істейтіндердің саны – 4237 адам немесе 102,3 % 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (4140) экономикалық белсенді тұрғындар санының 10 % құрайды.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімдердің көлемі 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (3 млрд. 852,4 млн.теңге) 4 млрд. 589 млн. теңге немесе 119,1 % құрайды.

Кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту және тәжірибелік көмек көрсету үшін 2012 жылы жергілікті бюджет есебінен ҚР «Серіктестік және бизнес институты» жекеменшік мекемесімен және «КУБ» Консалтингті орталығымен семинарлар өткізуге және бизнес-жоспар әзірлеу үшін 3 млн. теңгеге келісім-шарт жасалды. Есеп беру мерзімінде көкейтесті мәселелер бойынша келесі семинарлар өткізілді: «Электронды мемлекеттік сатып алу», «Инвестициялық жобаларды әзірлеу және сараптау», «Еңбек заңнамасы» және «Кәсіпорынның даму стратегиясы». Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен жұмысты жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» тақырыбына екі күндік семинар өткізілді. Барлық семинарлар тегін өткізілді. 2012 жыл бойына екінші деңгейдегі банк өкілдерінің қатысуымен, мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөнінде қаржылық мемлекеттік және халықаралық бағдарламасы бойынша 3 күн бойы ашық есік күндері өткізілді. Барлық қатысушыларға қалаулары бойынша маркетинг және менеджмент саласында тегін көмек көрсетіліп, ақпараттық және сараптама ресурстарына қол жетімділік қамтамасыз етілді.

Өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың жұмысында инфляцияны тежеуге, оның ішінде бірінші сұрыпты ұн және нан, тұз, қант, күнбағыс майы және т.б. әлеуметтік маңызды азық-түліктердің бағасын тұрақтандыруға едәуір көңіл бөлінді. Қаламыздың азық-түлік қауіпсіздігін одан әрі нығайтуға «Негізгі азық-түлікке көтерме сауда бағасынан 10 %-дан артық үстеме қоспау туралы» жергілікті кәсіпкерлермен жасалған меморандумдар өз септігін тигізді. Бірінші сұрыпты нан бағасын тұрақтандыру мақсатында Қарағанды облысының Ауылшаруашылық Басқармасымен, Сәтбаев қаласының әкімі, «НК — Подкорпорация» АҚ облыстық өкілдігі және белгіленген бағамен қала кәсіпорындарын ұнмен және жеммен қамтамасыз ету міндетін алған «Самади — 2030» ЖШС ұн үгіту кәсіпорнымен төрт жақты меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, бірінші сұрыпты нан пісіретін қала кәсіпорындарымен міндеттемелерге қол қойылды. Міндеттемеге сәйкес, осы кәсіпорындар тұрақты бидай өнімінен жасалған бірінші сұрыпты ұнды пайдалана отырып, 600 грамм салмақтағы нанды 45 теңге бағасымен қамтамасыз етеді. Қазіргі күні әлеуметтік нан Сәтбаев қаласының 60 дүкендерінде және Жезқазған кентінің 15 дүкенінде сатылды.

Жоғарыда аталған шаралардан басқа, бағаларды тұрақтандыру мақсатында, бакалеялық тауарлар, жеміс-жидек және ет өнімдерін сатып алу үшін қалалық бюджеттен 2011 жылы 5,0 млн. теңге бөлінді, осы қаражат мерзімі 2012 жылға ұзарды.

2012 жылғы картоп және жуа өнімдерінен 120 тонна картопты 50 теңге бағасымен, 61,5 тонна жуаны 65 теңге бағасымен қамтамасыз ету үшін «Адамас СНА» ЖШС-мен және «Бураханов» ФШ-мен 950тг. бағада 8,08 тонна көлемінде ет өнімімен қамтамасыз ету үшін фьючерстік келісім-шарттар жасалды. Аталған тауарлар апта сайын әлеуметтік жәрмеңкеде базар бағасынан төмен бағада сатылады.

Қалада 1 коммуналды базар, 1 әлеуметтік дүкен және 5 әлеуметтік қатар жұмыс істейді.

Қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз етудің тағы бір тиімді жолы – жыл бойына апта сайын өткізіліп келген дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі. Жеке сауда жүйесімен салыстырғанда өнімдер жәрмеңкеде 15-20 % төмен. 2012 жылдың 12 айында 48 жәрмеңке өткізіліп, сатылған тауар көлемі 240 млн. теңгені құрап, тұрғындардың 57 млн. теңге қаражаты үнемделді. 141 тонна ет және 235 тонна көкөніс өнімдері сатылды.

Облыс әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес, Сәтбаев қаласында 2012 жылғы 27, 29 қазанда және 3 қарашада Ұлытау ауданы тауар өндірушілерінің қатысуымен «Ауыл Береке — 2012» ауыл-шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Ұлытау ауданының 7 ауылдық округі қатысты. Жалпы өндірілген өнім көлемі 21,0 млн. теңгені құрады. Жақын маңдағы аудан шаруалары ауыл шаруашылық өнімдерін қаланың барлық базарларына кедергісіз өткізу мүмкіндігіне ие. Базар директорлары Ұлытау ауданының шаруа қожалықтары және республикамыздың оңтүстік аймақтары арасында ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге қосымша келісім-шарт жасайды.

Өткен жылы барлық негізгі көрсеткіштер орындалып, ауыл шаруашылығы саласы да жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ауыл шаруашылығының ішкі өнімі 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (336,2 млн.теңге) 2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына 380,0 млн. теңгені немесе 113 % құрады.

2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда қайта іске қосылған шаруа қожалығының арқасында мал басы өсті: жылқылар 286-дан 337 басқа немесе 17,8 % көбейді. «Ахтямов» ШҚ қосымша құстар алуына байланысты құс басы 5 есеге, яғни 4239 бастан 22014 басқа көбейді. Есеп беру жылы бойына 279,7 тонна ет өндірілді, бұл 2011 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда (278,2 тонна) 0,5 % жоғары, сүт – 1637,5 тонна бұл 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1540,3 тонна) 6,3 % жоғары, жұмыртқа – 1786,2 мың дана, 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (270,5 мың дана) 6,6 есеге ұлғайған.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Былтырғы жылы жергілікті атқарушы билік органдарының қызметіндегі маңызды бағыттарының бірі – тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған жігін қолдау, жұмыссыздық деңгейін төмендету болды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тіркелген жұмыссыздар саны экономикалық белсенді халықтың жалпы санынан былтырғы жылға қарағанда біршама төмендеді. 2013 жылдың 1 қаңтарына есепте тұрған жұмыссыздардың саны – 27, тіркелген еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 0,1 % құрайды.

2013 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепке тіркелгендердің саны 42 аз қамтылған отбасы немесе 173 адамды құрайды. 2012 жыл бойына 3216 жұмыссыз адам жұмыспен қамтылды, немесе жоспарлы көрсеткіштерге 100,7 %.

Сәтбаев қаласы бойынша соғыс жылдары 6 айдан кем емес уақыт жұмыс жасағандарды қосқандағы саны 1292, оның ішінде 23 – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері. 2012 жылдың 12 айы ішінде соғысқа қатысушылар, оларға теңестірілгендер мен тыл ардагерлеріне жергілікті бюджет есебінен 11694,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңды орындауда 2012 жылдың 12 ай ішінде үйде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек-балалары бар 70 аналарға 1662,3 мың теңге сомасында, жалғызбасты, көмекке зәру мүгедектерге – 36 адамға 735,0 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындалды.

Қоғамдық жұмыстарға 807 адам немесе 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (870 адам) 92,8 % қатысты. Жаңа мамандық алып және біліктіліктерін жоғарлатқандар саны 182 немесе 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 78,1 % (233 адам).

Жұмыссыз азаматтар үшін кәсіпкерлік қызметін құруға көмектесу мақсатында 2012 жылы 5 адам жеке іс ашуға материалды көмек алды, бұл жоспарлы көрсеткіштің 100 % құрады.

2012 жылғы қаңтар-желтоқсан айларына 173 адамға 2943,0 мың теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек аударылды, 279 адамға 64595,5 мың теңге сомасында тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалды (117 адамға 14400,0 мың теңге сомасы төленді), сондай ақ 18 жасқа толмаған 388 балаға 4289,0 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді. Қала халқына қолайлы жағдайлар жасап, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында біз бар мүмкіндіктерді жасаудамыз. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері қаламыздың 230 жалғызбасты қарттарына және 140 диагноздарында шектеулер бар балаларға көмек көрсетуде. Туберкулезбен ауыратын 48 адамға жергілікті бюджет есебінен 809,0 мың теңге сомасында амбулаториялық емделу мерзіміне бір реттік материалдық көмек көрсетілді.

2012 жылы кәсіптік дайындау мен қайта даярлауға 182 адам жіберілді. Есеп беру мерзімінде 20 әлеуметтік жұмыс орны құрылды, бұл 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 100 % құрайды, қоғамдық жұмыстарға 808 адам қатысты.

Жұмыссыз азаматтар үшін кәсіпкерлік қызметін құруға көмектесу мақсатында 2012 жылы 5 адам жеке іс ашуға материалды көмек алды, бұл жоспарлы көрсеткіштің 100 % құрады.

2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтарды жұмыспен қамтуды алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі ретінде белгіледі. Бұл – оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін құру, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар, еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру. 2012 жылы Сәтбаев қаласында «Жұмыспен қамту — 2020» үкіметтік бағдарламасын табысты іске асыру жалғасын табуда. Осы Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша есеп беру мерзімінде 70 адам біліктілігін жоғарлатты, соның ішіндегі 60 адам 3 ай ішінде қайта даярлау курсынан өтіп, жұмыспен қамтылды, қалған 10 адам 2 жыл 10 ай мерзіміне кәсіптік дайындыққа оқытылды.

«Жұмыспен қамту — 2020» Бағдарламасының екінші бағыты бойынша қалалық комиссия шешімімен 4 бағдарламаға қатысушыға 7500,0 мың теңге көлемінде шағын-несие беруге рұқсат етілді. Осы Үкімет бағдарламасының үшінші бағыты бойынша 2012 жылы Сәтбаев қаласында екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 2012 жылғы маусым айында жалпы ауданы 1442 ш.м., 3 қабатты 18 пәтерлі үй экономикалық әлеуеті төмен даму аудандардан көшірілген бағдарламаға қатысушыларға пайдалануға берілді. Қатысушылардың барлығы арнайы оқытудан өтіп, жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша желтоқсан айында жалпы ауданы 3171,7 ш.м., 48 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлердің кілті Тәуелсіздік күні мерекесінде салттанатты түрде табыс етілді.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

Халықтың кең ауқымын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру қалалық әкімдік қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Құрылыс саласы үшін де былтырғы жыл сәтті болды. 2012 жылы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын орындауда жылдық жоспар бойынша 8200 ш.м. орнына қаламызда құрылысқа 10434 ш.м. енгізілді, жоспар 127 % орындалды.

Енгізілген тұрғын үй ауданы 2013 жылдың 1 қаңтарында 10433 ш.м. құрады, немесе 2011 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда (6415 ш.м.) 162,6 % құрады.

2012 жылы Сәтбаев қаласына тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 294,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аталған бағдарлама бойынша жалпы көлемі 4160,8 ш.м. 70 пәтерлі екі бесқабатты тұрғын үй сатып алынып, пайдалануға берілді. 35 сәтбаевтықтар жаңа пәтерлерінің кілттерін Тәуелсіздік күні қарсаңында, ал қалған 35 адамға Жаңа жыл мерекесі қарсаңында табыс етілді.

Сонымен қатар, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша 2012 жылдың бірінші жартысында үшқабатты 18 пәтерлі үйдің құрылысы басталып, 2013 жылдың маусым айында нысанды аяқтау жоспарлануда. Осылайша, қалада жыл сайын тұрғын үй алу кезегі жөніндегі мәселе шешілуде. «Жұмыспен қамту — 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 2012 жылдың қорытындысы бойынша 100-ден аса сәтбаевтықтар жаңа 2013 жылды жаңа пәтерлерде қарсы алды.

Сонымен қатар, 2012 жылы қалада тұрғындардың қаражат есебінен ауданы 1392 ш.м. жеке тұрғын үйлер пайдалануға енгізілді.

Сәтбаев қаласының Шығыс ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайғастыру бағдарламасы бойынша жалпы ұзындығы 2,8 км. су жүру құбырының құрылысы және осы бағдарлама аясында осы ауданда электр тарату жүйесінің құрылысы аяқталды. Коммуналды шаруашылықты дамыту бағдарламасы бойынша «62, 64 тоқсандары және Наурыз көшесінде канализациялық жүйелерінің құрылысы» нысандары бойынша жұмыстары аяқталды.

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайғастыруға қаржы көлемінің ұлғаюы кеншілер қаласының жаңа тұрғын үй салу аудандарының тездетіп дамуына ықпал етеді.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ

Сәтбаев қаласына және жақын маңда орналасқан елді мекендерге жылу «Жылуэнергетика» Кәсіпорнымен беріледі, кәсіпорынның балансында ТС – 1, ТС – 2 екі жылу станциялары бар. 2012 жылы жылу беру маусымына дайындық барысында 2 сужылытқыш күрделі жөндеуден өтті, 5 сужылытқыш және 5 бу қазандығы ағымды жөндеуден өтті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және оның іркіліссіз жұмысы, сонымен қатар халықты жылумен және энергиямен қамтамасыз ету мәселелері біздің тұрақты назарымызда.

Жылу беру маусымының басында қаламыздың жылу станциялары отынмен толық қамтамасыз етілді, көмірдің нормативтік қоры 257,37 мың тоннаны құрады (6 айлық қор). Жылу, суқұбыры, электр желілерін, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарды дайындау бойынша барлық жөндеу жұмыстарының жоспардағы көлемі орындалды. Жылу жүйелері бойынша жөндеу 19,611 км. немесе жоспарлық көрсеткіштен 117 % орындалды. Су құбырлары жүйелерін күрделі жөндеу бойынша 12,567 км. немесе жоспарлық көрсеткіштен 118 %-ға, канализациялық жүйелер 0,550км. немесе 100 % орындалды. Электр тарату жүйесін жөндеу бойынша 100,9 км. немесе 100 % жөнделді. Электрподстанцияларын күрделі жөндеу бойынша 40 дана трансфарматорлар яғни 100 % жөнделді.

Қалаға және оның маңына орналасқан елді-мекендерге жылу 2012 жылғы 15 қазаннан бастап берілді. Жылу беру маусымы қалыпты деңгейде өтуде. Жылу жүйелерінің параметрлері температуралық кестеге сәйкес. Барлық 751 тұрғын үй және әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарына жылу, электр жарығы және ауыз су тұрақты берілуде. Қызметтерді ұсыну кәсіпорындарда апаттық топтар ұйымдастырылған, аталған кәсіпорындарында және әкімдікте тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде.

Қала аумағын көгалдандыру және абаттандыру мәселелеріне қала билігі қызметінің қоғам назарында жүретін ең маңызды аспектілерінің бірі ретінде ерекше назар аударылады. Есеп беру кезеңінде 28 тазалық бейсенбіліктері және 8 жалпы қалалық сенбіліктер өткізілді. Көше және аула аумақтары бойынша тазалаулар жүргізілді, 20 апаттық қоқыстар жойылды, 14200 ағаш мен жасыл желектер түрлендіріліп, 3000 ағаш отырғызылды.

2012 жылы басты назар қаланың құрылыс келбетін жақсартуға аударылды. Өткен жылы қаланың Сәтбаев даңғылында «Жастар» және «Астана» сауда үйінің алдында екі жаңа саяжай ашылды, қала тұрғындарының демалуына жағдай жасалды. Сондай-ақ, шіркеу аумағындағы саяжайға гүлзарлар мен орындықтар, қоқыс салғыштар, жарықшамдар және вазондар орнатылды. Аула іші аумағын абаттандыру бағдарламасы бойынша есеп беру мерзімінде қала бойынша 100 жаңа темірбетонды контейнер алаңы орнатылды, 110 қоқыс контейнері ауыстырылды. Сонымен қатар, тазалықты сақтау үшін қаланың негізгі көшелеріне қосымша 120 кіші қоқыс салуға арналған урналар орнатылды. Сәтбаевтық балалар бос уақыттарын денсаулығына пайда келтірумен айналысулары үшін жергілікті бюджет есебінен 2012 жылы 10 балалар ойын алаңы, сондай ақ жасанды төселуімен 3 футбол алаңы орнатылды.

Қаланың жарықтандырылуын жақсарту үшін 91 жарықтандыру бағаналары ауыстырылды, барлығы 3700 жарық нүктелерінде шамдар энергияүнемдеуші шамдарға толығымен ауыстырылды, соның ішінде көше жарығы бойынша – 2500 дана, подъезд үсті шамдары – 1200 дана. Қазіргі таңда, 7-ші шағын ауданының аула жарығының модернизациясы толығымен аяқталды. Жарықтандыру бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар электр энергиясын үнемдеп, қала тұрғындарының жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Әкімнің есеп беру кездесулерінде тұрғындармен бірнеше рет қозғалған мәселелердің бірі – Сәтбаев және Жезқазған қалаларының арасындағы трассаны жарықтандыру. Осы сұрақты шешу үшін республикалық және облыстық бюджет есебінен 2012 жылы қаражат бөлінді. Барлық жұмыстар белгіленген мерзімде орындалды. 2012 жылдың желтоқсан айында аталған жолдың жарықтандырылуы толық аяқталды.

Сәтбаев қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы бойынша алғашқылардың қатарында белсенді жұмысты бастады. 2011 жылы 5 тұрғын үйді модернизациялаудан өткізу сәтті өткеннен кейін, 2012 жылы да бұл жұмыс жалғасын тапты. Қазіргі күні жалпы ауданы 3 мың 876 ш.м. екіқабатты 8 пәтерлі 10 тұрғын үй термомодернизациялау мен күрделі жөндеуден өткізілді. Тұрғын үй шаруашылығының жұмысын жаңғырту ағымдағы жылы да жалғасады. Сонымен қатар, модернизациялаудан өткен үйлердің аула аумақтарының барлығы абаттандырылады.

2012 жылы біз «2012-2017 жылдарға Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспары» бағдарламасын іске асыру жұмыстарын бастадық. Берілген Үкімет бағдарламасының тармақтарының бірі – Сәтбаев қаласында нөсерлі канализация және коллекторлы-дренажды жүйелердің құрылысын қарастырады. Бұл жүйелер жаңбыр, тұрып қалған және суару суларды көше-жол жүйелерінен алшақтатуға, сонымен қатар, ғимараттар мен мекемелерді грунтты сулардың қатынасынан қорғауды қамтамасыз етеді. Осы жобаны іске асыру үшін 2012 жылы республикалық бюджет есебінен технико-экономикалық негіздемені әзірлеуге 19 млн.теңге қаражат бөлінді.

Моноқала бағдарламасы бойынша 2012 жылы Сәтбаев қаласы бойынша 274 млн. 203 мың теңге көлемінде мақсатты трансферттер бөлінді, оларға қала көшелерінің 16 аула іші жарықтандыру жұмыстары жасалды, қатты-тұрмыс қоқыстары полигоны жайғастырылды, көшелерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, 11 балалар ойын алаңы мен 4 көпқызметті хоккей корты орнатылды. 2012 жылы барлығы 21 балалар ойын алаңы орнатылды, осы жұмыстар ағымды жылы да жалғастырылады. Жаңадан енгізілген абаттандыру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылды. Сондай ақ, 2012 жылы Ерден көшесі бойынша канализациялық және ағымды суларды алып кету үшін канализациялық-насос станциясын модернизациялау жүргізілді.

2012 жылы Елбасы «Жалпы еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық басылымымен халық алдына шықты. Онда Нұрсұлтан Әбішұлы әр қазақстандықты Отанымыздың көркеюіне үлес қосуға, еңбек етуге шақырады. Біздің қаламыз кеншілер қаласы болып табылады. Кеншілердің аймағымыздың әл-ауқатының негізін құратын ауыр еңбегі Қазақстанның белсенді әлеуметтік модернизациялау кезеңінде ерекше елеулі. Осыны түсіне отырып, Қарағанды облысының әкімі мен «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы арасында меморандум жасалды, меморандумға сәйкес, 2012 жылы Сәтбаев қаласында «Кеншілер даңқы» саябағының құрылысы басталып, кеншілердің ерен еңбегіне құрмет ретінде «Кенші» монументі орнатылды. 2012 жылы Ұлытау көшесі бойынша суару құбырының сұрағы шешілді. Осылайша, «Қазақмыс» басшылығымен Сәтбаев қаласының әрі қарай дамуына қатысты көптеген мәселелер бірігіп шешімін табуда.

БІЛІМ ЖӘНЕ СПОРТ

Мемлекет басшысының білім беру жүйесінің алдына қойған міндеттерін орындау мақсатында Сәтбаев қаласының атқарушы билік органдары есеп беру кезеңінде едәуір жұмыстар атқарды.

Бүгінгі күні Сәтбаев қаласында және оған жақын орналасқан елді мекендерде 16 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 1 – бастауыш, 15 – орта. 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Сәтбаев ауылының №17 азжабдықталу мектебі оқушылар санының қысқаруына байланысты №17 негізгі бастауыш мектеп болып өзгертілді.

Қалада жалпы білім беру мектептерінен басқа үш қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасайды: Балалар өнер мектебі, Оқушылар сарайы және №2 Балалар музыка мектебі.

Білім мекемелерінде білім беруді дамыту бағдарламасына бюджеттік салымдардың сомасы жылдан жылға көбеюде. 2011 жылы қаланың білім беру жүйесін жалпы қаржыландыру 2 млрд. 150 млн. 794 мың теңгені құрады. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен жекеше алынды: жалпы сомасы 8 млн. 195 мың теңгеге 2 пәндік (химия және биология) жаңа модификация кабинеті, республикалық бюджет есебінен – 1 химия кабинеті жалпы сомасы 3 млн. 809 мың теңге, 2 млн. теңге сомасына мектеп асханаларына арналған құрал-жабдық. 4 дана сенсорлы интерактивті тақта сатып алуға 14400,0 мың теңге сомасына қаражат бөлінді. 2012 жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 47 млн. 209 мың теңгеге 1,7,8 сыныптарға арналған оқулықтар алынды.

Оқытуды жаңа технологиямен жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 4 мектепке 4000,0 мың теңге (№1,4,14,16) бөлінді. 2013 жылға осы мектептер үшін 4000,0 мың теңге бөліну жоспарланды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мәселесіне басты назар аударылады. Оқытуға келетін 267 мүмкіндігі шектеулі балалардың 53-і үйде оқытылады, 93 оқушы түзету-дамыту сыныптарында оқытылады. 2012 жылы үйден оқытылатын 28 оқушы республикалық бюджеттен бөлінген компьютерлік техника жинақтарымен қамтамасыз етілді. 2012 жылы 1-сыныптарға арналған бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру үшін 35 млн. 835 мың теңге бөлінді. Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігінен шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 2012 жылғы 11 ай ішінде жалпы білім қорының есебінен 36 200, 0 мың теңге жұмсалды, 10863,0 мың теңге сомасына кеңсе тауарлары, қысқы аяқ киім, курткалар сатып алынды. «Сәлем» сауықтыру лагеріне жалпы сомасы 1 млн. 800 мың теңгеге 60 жолдама алынды. Жазғы кезеңде 10 мектеп жанындағы сауықтыру лагерлері жұмыс істеді, онда 2000 бала дем алды, осы мақсатта 13 млн. теңге жұмсалды. Қала көліктерінде тегін жүруге 1657 мектеп оқушысына 2012 жылы 14664 мың теңге бөлінді.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2012 жылы жалпы білім беру мектептерін 100 пайыз компьютерлендіру аяқталды. Компьютерлік техника бірлігінің жалпы саны 1639 дананы құрайды. Қазіргі уақытта қала бойынша орта есеппен 6,2 оқушыға 1 компьютерден келеді. Қазіргі күні барлық мектептер ғаламтор жүйесіне қосылған.

Мұғалімдер күні қарсаңында ұстаз еңбегінің беделін көтеру мақсатында Сәтбаев қаласы әкімінің жыл сайынғы сыйақы тапсыру рәсімі өткізілді. Бұл дәстүр 2013 жылы да жалғасын таппақ.

Білім беру жүйесі қызметінің көрсеткіш нәтижелері оқушылардың біліктілік жетістіктері болып табылады. 2012 жылы ҰБТ-де өз білімдерін 3 түлек сәтті растады (С.Сейфуллин ат.гимназия – 2, №4 лицей-мектебі — 1). ҰБТ-де 100 және одан да жоғары балл алатын түлектер саны жыл сайын ұлғаюда.

Қалада мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейту бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Сәтбаев қаласында 16 мектепке дейінгі мекеме қызмет етеді, оның 3-уі білім бөліміне қарасты, 13 – «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС «Дошкольник» ЖМ. 2012 жылы ақпан және қыркүйек айларында №1 «Ертегі» бөбекжайында жұмыс жасайтын топтар 50 орынға кеңейтілді. Білім беру мекемелерінде 14 шағын-орталық жұмыс жасайды, оның әрқайсысы орташа 25 орынға есептелген. №14 орта мектебінің базасында қызмет ететін шағын-орталық 2012 жылғы наурыз айынан бастап толық күн болатын топ ретінде жұмыс жасайды. Шағын-орталықтардың материалды базасы 100 % қамтамасыз етілген. Олардың барлығы білікті педагог кадрларымен қамтылған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамту 100 % құрайды. 2013 жылғы қыркүйек айына №19 орта мектеп жанынан тағы бір шағын-орталық ашу жоспарланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қала әкімдігімен өткен жылы салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны көбейіп, осы шараларға қатысушылардың да саны арта түсті. 2012 жылы қалада 128 спорттық-жаппай іс-шаралары өткізіліп, оған 10 мың 712 адам қатысты. Барлығы Сәтбаевта спорттың 21 түрі жүргізіледі, оның 15 – олимпиадалық. Қаланың білім беру мекемелерінде 12 спорт түрінен 51 спорттық секция жұмыс жасайды. Тұрғындарды әрі қарай дене шынықтыру және спортпен қамту үшін жоспарлы түрде ең қол жетімді спорттық нысан түрі – жазғы және қысқы мезгілдерде пайдалануға арналған көпқызметті хоккей корттары құрылысқа енгізілуде. Бұл жұмыс 2013 жылы да жалғасады.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ

Біздің қаламызда мәдениетті жан-жақты дамытуда соңғы жылдары жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүрген 8 мәдениет мекемелері жұмыс жасайды.

Есептегі кезең ішінде мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 500 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Өткен жылы бірнеше ірі мерекелік шаралар өткізілді. «Қош келдің, Наурыз!», «Мемлекеттік тіл — болашағым» сайысы, дәстүрге айналған «Асыл әжем – ғасыр әжем» әжелер жарысы, Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған ретро-әндер фестивалі мен тағы да басқа еліміздің ұлттық, мемлекеттік мерекелеріне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.

2012 жылдың ең ірі іс-шаралары – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шеру, ҚР мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына, ҚР Тәуелсіздігі күніне , Қала күніне арналған шоу-бағдарламалар болды. 2012 жылы 1 желтоқсанда біздің елімізде алғаш рет ҚР Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мереке болып тойланды. Осы атаулы күн мерекесінің аймағында біздің қаламызда аймақтық жастар форумы ұйымдастырылып, Қазақстанның дамуы мен құрылуына көп үлес қосқан еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі баяндалды.

Сәтбаев қаласының аймағында жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 2500 баланы қамтитын 9 аула клубы жұмыс істейді. Соның ішінде 290 бала аз қамтылған отбасылардан. Клуб спорттық-эстетикалық бағытта жұмыс істеп, балаларды мәдениеттілікке, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Барлық аула клубтарында спорттық секциялар мен үйірмелер жұмыс істейді. 2012 жылы аула клубтарына спорттың 4 түрі қосылды: волейбол, бокс, үстел теннисі және ауыр атлетика. Есеп беру кезеңінде аула клубтарында 75 іс-шара 2500 баланың қатысуымен өткізілді.

Қалада мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға, Сәтбаев қаласында тұратын этникалық топтардың тілдерін дамытуға бағытталған жұмыстар үнемі жүргізілуде. Барлық қалалық іс-шараларға мәдени-ұлттық орталықтар белсене қатысты.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Президент Н.Ә.Назарбаев ұлт денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басымдылықтарының бірі ретінде анықтағаны бәрімізге мәлім.

«2011-2015 жж. Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін Денсаулық Сақтау Бірыңғай Ұлттық жүйесіне енгізіліп, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық базасы нығайтылып, қалалық денсаулық сақтау да бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыстар жүргізеді, стационарлы алмастыру технологиясы кең көлемде таралады.

Осының бәрі 2012 жылдың қортындысы бойынша, қала тұрғындары денсаулығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің жаңаруына негіз болды. Осылайша, бала өлімі 2011 жылмен салыстырғанда 30,2% төмендеп, көрсеткіш 8,3 промилге қарсы 11,9-ды көрсетті.

100 мың тұрғынға шаққанда туберкулез ауруының көрсеткіші – 20,3%, нашақорлық көрсеткіші – 18,5% төмендеді. 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулез ауруынан өлім көрсеткіші – 11,4% , алдыңғы жылдың деңгейінде қалды. Әлеуметтік маңызды ауруларға келетін болсақ, жүрек, қан тамырлары ауруынан өлімнің 51,2% төмендеуін, қатерлі ісік ауруларының 100 мың тұрғынға шаққанда 7,6% төмендеуін, 100 мың тұрғынға шаққанда ВИЧ-инфекциясының 2011 жылғы 2 адамнан 2012 жылы 3 адамға өскенін атап өту керек.

Қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешенінің және скринингтік тексеру қатерлі ісік ауруының алдын алуға және де бұрын осы аурумен ауырған аурулардың көрсеткішінің 23,7% жақсаруына септігін тигізді.

Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейінде. 2011 жылмен салыстырғанда инфекциялық және паразитарлық аурудың төмендеуі байқалды.

Салауатты өмір салтын насихаттауда ақпараттық-түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, жергілікті тұрғындардың санитарлық сауаттылығын арттыруға, салауатты өмір салтына байланысты қалалық БАҚ жүйелеріне жүрек, қан тамыры аурулары, қатерлі ісік аурулары туралы мақалалар басылып тұрады.

Салауатты өмір салтын насихаттауда қаламызда кең көлемде денсаулық акциялары мен іс-шараларды өткізу дәстүрге айналған.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жұқпалы аурулардың алдын алу, ескерту мақсатында 2012 жылы қалалық емхана жанынан жастардың денсаулық орталығы ашылды. 2012 жылы жастар арасында әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы қалалық емхана жанынан құрылып, сонымен қатар қарттарға медициналық көмек көрсету әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету мақсатында геронтологиялық клуб құрылып, қосымша егу кабинеті ашылды.

2012 жылдың ең маңызды іс-шарасы – «Денсаулық» медициналық колледжінің ашылуы. Бұл колледж қаламызға арнайы орта деңгейдегі медициналық қызметкерлерді дайындайды.

ЖЕЗҚАЗҒАН КЕНТІ

Жезқазған кентін әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесі ұдайы басты назарда. Кенттің құрамына геологиялық барлау партиясы, Весовая, Крестовский, Перевалка елді-мекендері және Сәтбаев селосы кіреді.

2012-2013 жылғы жылу беру маусымына дайындық бойынша Сәтбаев қаласын сумен, жылумен қамтамасыз ету кәсіпорыны 1078,07 м құрайтын су құбырына, 22 м тұратын канализациялық құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 152 үйді құрайтын басқару тараптарына тексеріс жасап, 3 үйдің ыстық сумен қамтамасыз ететін құбырларына, 3 үйдің суық сумен қамтамасыз ететін құбырларына, 150 үйдің есіктеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

ТЭУ СПТТА «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС кенттің жеке меншік мекемелері мен ұйымдарына жылу жүйесін жүргізді. Жезқазған кенті мен оған жақын елді- мекендерге жылу №2 (ЮЗК) станциясынан жіберілді. 2012 жылы үш су жылыту қазандарына НВТК-100 және де елу бу қазандарына КЕ-25/14 жазғы мезгілде жөндеу жұмыстары жасалды.

№2 жылу беру станциясында көмір қоры 183 884 тн, мазут 1344,9 тн құрайды. Жезқазған кентінің еңбек ұжымдарының көмегімен көгалдандыру, талдарды әктеу және түптерін қопсыту жұмыстары жүргізіледі.

«Тазалық» ЖШС-нің көмегімен гүлзарлар отырғызылып, үнемі талдарды суғарып, меншік секторларында контейнерлік алаңдардағы қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізіліп отырды.

Осы бағдарлама бойынша және жергілікті тұрғындардың өтінішімен көшелерді жарықтандыруды реттеуде Весовая елді мекенінде фотореле орнатылды.

2011 жылдың 03 қарашасында ҚР Үкіметінің №1283 бұйрығымен бекітілген «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің іс-шараларына сәйкес, қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамытудың жалпы жоспары іске асырылуда.

Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданына 2012-2017 жылдар аралығында кенттің тұрғындарын қоныс аудару жұмыстары мен коммуникациялық инфрақұрылымын көшіру жұмыстары басталды. Жезқазған кентінің Оңтүстік бөлігін және ГРП елді мекенін қоныс аударумен «Қазақмыс» Корпарациясы» ЖШС жасалған келісім-шартқа сәйкес, ЖШС «Hermes Steel» айналысады.

Жезқазған кентімен ЖШС «Hermes Steel» аумағында орналасқан жеке меншік жылжымалы мүліктің қоныс аударылуы және оларға төленетін қаржының көлемінің келісім-шарттары меншік иелерінің келісімімен іске асады.

Жезқазған кентінің Оңтүстік жағын және ГРП елді-мекенін қоныс аударуға 262 нысан ғана жарады. «Hermes Steel» ЖШС-мен 198 жекеменшік иелері келісім-шартқа отырды. 2013 жылдың 1 қаңтарының есебі бойынша, 64 жекеменшік иелері қоныс аударған жоқ.

2011 жылмен салыстырғанда жалпы малдың басы 198-ге кеміген. Есеп беру кезеңінде жекеменшік кәсіпкерлерімен азық-түліктердің бағаларын тұрақтандыру, әлеуметтік ұн және нанмен қамтамасыз ету, абаттандыру мәселесі бойынша 3 кездесу өтті.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Біздің қаламызда қылмыс жасау, заң бұзушылықтың алдын алу, қылмысты айқындау және ашу қала әкімшілігінің үнемі бақылауында.

Ішкі істер бөлімімен бірлесіп белсенді атқарған алдын алу іс-шаралардың арқасында қаламызда қылмыстың аса ауыр түрі 128-ден 124-ке, ауыр қылмыс түрі 111-ден 100-ге азайып, қылмыстың ашылуы Қарағанды облысы бойынша жоғарғы көрсеткіштер деңгейінде. Жылдық қортынды бойынша аса ауыр қылмыс – 88,9%, ауыр және аса ауыр қылмыс – 62,4%, ауыр қылмыс – 56,1%, көрсеткіштерін көрсетті.

Сонымен қатар, 2012 жылы қылмыстың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілді.

Қаламызда әр апта сайын жергілікті қауіпті шағын аудандарда аула мен пәтерлер аралау жұмыстары 100% жүргізіліп, ҚР заңнамасын түсіндіру мақсатында еңбек ұжымдары мен мекемелерінде кездесулер өткізілді.

Қылмыстың ізін суытпай тез арада айқындау мен тәртіп сақтау мақсатында қаламыздың бірнеше қоғамдық орындарында бейне бақылау камерасы орнатылған. 2012 жылы Жеңіс көшесінің бойында қосымша полиция бөлімі ашылып, 4 автокөлік, 25 радиостанциямен және 25 компьютермен қамтамасыз етілді.

Елбасымыз айтқандай, біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, мәдениетсіздікпен келіспеуіміз керек. Бұл жөнінде Елбасы қалалардың және аудандардың әкімдерін құқыққорғау ұстанымдарын жаңартуға, полицияның қоғамдық құрылымдарының жұмыстарын дамытуға бағыттап отыр.

Былтырғы жылы осындай қоғамдық құрылымдар біздің қалада қайта жаңарды, олар Сәтбаев қаласының Ішкі істер бөлімімен бірге белсенді жұмыс атқарды.

2013 жылдың қаңтар айында, Сәтбаев қаласының Ішкі істер бөлімінің өтініштері негізінде полицияның ерікті көмекшілері ретінде 68 азамат тіркелді, олар полиция қызметкерлерімен бірге күнделікті бекітілген аймақтарды аралап, процессуалдық әрекетті жасауға көмек көрсетіп, тәрбие жұмысымен айналысады.

Міндеттерді жетістікпен шешу мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін полицияның ерікті көмекшілері ішінен қоғамдық құрылымдары үш бағытта жұмыс жасайды:

1. Қоғамдық жасақтар – Сәтбаев қаласының Ішкі істер бөлімінің қауіпсіздік бөліміне көмек көрсету;

2. Педагогикалық жасақтар білім ұйымдарында құқықбұзушылықты алдын алумен айналысады;

3. Ішкі істер бөліміндегі жолда жүру қауіпсіздігіне арналған жасақтар.

ІШКІ САЯСАТ САЛАСЫ

2012 жыл елімізде өткізіліп жатқан реформаларға қарқынды серпіліс берген маңызды саяси оқиғаларға толы болды. Еліміздің жетістіктерін насихаттау және Елбасының қойған міндеттерін түсіндіру мақсатында мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған қалалық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мемлекеттік мерекелерді өткізу барысында 200 қоғамдық-саяси және мәдени шаралар үшін 40 мың қала халқы қамтылды. Өткізілген шаралар қала халқының көңілінен шықты. Жаңа оқиғаларды өткізу барысында Сәтбаев қаласының әкімшілігі әртүрлі салада қала халқымен жұмыс жүргізді. Осы салада 5 ақпараттық саяси топ жұмыс жасап, есеп беру мақсатында қалалық, облыстық, республикалық ұйымдармен 250 іс-шаралар, кездесулер, баспасөз отырыстары, дөңгелек үстелдер, сөз сайыстары, дәрістер өткізіліп, 45 мың адам қамтылды.

Елімізде жалпы-саяси тұрақ сақтауда және азаматтық ортада өзара ынтымақтастықты, үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, жастармен, діни қауымдастықтармен бірлесе жұмыс жүргізілді. Діни қауымдастықтармен бірге және үкіметтік емес ұйымдармен, әкімшілікте құрылған жастар саясаты ұйымдарымен арнайы Кеңес жұмыс істейді. Қаламызда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының қалалық жанама ұйымы, 7 ұлттық-мәдени орталық, 9 діни қауымдастық, әлеуметтік салада 21 үкіметтік емес ұйым, 6 кәсіподақ ұйымы және 5 ақпараттық көпшілік ұйымдары жұмыс атқарады.

Ғаламтор кеңестігінің көмегінсіз ақпараттық саяси жұмыстарды жүргізу мүмкін емес еді. Үкіметтің ұсынысы бойынша Елбасының Жолдауын насихаттау облыстық, қалалық ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылды.

Өткен жылы балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін салауатты өмір салтын насихаттауға, денсаулық сақтау саласында ақпараттық ағарту жұмыстарына, гендерлік теңдестіктік стратегиясын жүзеге асыруға, жемқорлықпен күресті, діни төңкерісті болдырмаудың алдын-алу мақсатында жұмыс атқаруға бағытталған 15 жоба жүзеге асырылды.

Қаламызда «Жас Отан» жастар ұйымы, «НұрОтан», «Көңілашар», «Жас Көшбасшылар», «Қанатты гвардия» әскери-саяси ұйымдары белсенді жұмыс атқарды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 2012 жылға 6 млн 824 мың теңге бөлінді. Ауған жерінен кеңес әскерлерін шығарудың 23 жылдығына орай 50-ге жуық іс-шаралар жүргізілді. Қазақстан Республикасының Әскери қарулы күштерінің 20 жылдығына орай «Мен – Қазақстан азаматымын!» атты облыстық форум, ҚР мемлекеттік рәміздеріне арналған жастар гүлзары «Менің Елбасым» атты Сәтбаев қаласында III қалалық форумы өтті. Дарынды жастарды қолдау аясында Сәтбаев қаласының әкімінің жүлдесіне «Мақсат» атты жарыс жыл сайын жүргізілді. 2012 жылы жарысқа 8 номинация (атаумен) 25 дарынды жас қатысты. Барлық жас дарынды өнерпаздарға мадақтамалар, ақшалай сый-сияпаттар берілді.

Жастардың жазғы демалысын ұйымдастырып, жұмыспен қамту мақсатында 2 «Жасыл ел» жастар жасағының жұмысы ұйымдастырылды. Жастар техникалық және кәсіби білімділігін арттыруда, жаһандандыру бағдарламасына белсене қатысуда, Сәтбаев қаласында 2012 жылы жастардың саяси-ақпараттық тобы құрылды. Бұл топтың мақсаты: жастардың қосымша білім алуына, жұмыспен қамтуына, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау.

Қазақстан жерінде діндерді оқытуда діни сенімділіктер, ағымды насихаттайтын ұйымдар көбеюде. Кейбір діни ағымдар қоғамдық бірлікті бұзуға әкеліп соқтырады. 2012 жылы Сәтбаев қаласында және басқа қалаларда діни төнкерісті болдырмаудың алдын алу шарасы жүргізілді. Қаламызда жастар және оқушылар арасында діни төңкерісті болдырмаудың алдын-алу мақсатында Қарағанды «Виктория» психологиялық орталығы әртүрлі ұлт өкілдерімен, заң қызметкерлерімен бірлесе кездесулер, әңгімелер, дәрістер өткізді. Қаламызда, жақын маңдағы елдімекендерде әлеуметтік саяси жарнамалар жүргізілді.

Жүргізілген жарнамалар ақпараттық саяси жұмыстарда жүзеге асырылды.

Қаламызда 213 бірлік жұмыс істейді. Сәтбаев қаласында 40 билбордтар, 12 брондмауэр, 7 арка, 10 жарық пилондары, 67 кронштейндер, 70 щиттер бар. Осының ішінде әлеуметтік бағыттағы 74 баннер жарнамалары жұмыс істейді. Осындай жұмыстардың арқасында жарнама әртүрлі, эстетикалық жағынан мәнді, түрлі мағынада болды.

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сөзімді қорытындылай келе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдымызға қойған міндеттерді орындау барысында былтырғы жылы қол жеткізген барлық жетістіктеріміз – бұл жергілікті билік органдарының күнделікті тынымсыз жұмысының нәтижесі және Сәтбаев қаласы тұрғындарының қажырлы еңбегінің қорытындысы екендігін атап өткім келеді.

Әрине, әлі де алдағы 2013 жылы біз шешетін мәселелер аз емес.

Бұл орайда өз қызметімізде біз ең алдымен, мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында қойған мақсат-міндеттерді басшылыққа аламыз.

Біздің Президентіміз шағын қалаларды дамытуға аса көңіл бөледі. Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық 2012-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары: мысы бар кен қорын барлау және өңдеу, жаңа тау кен өндіру кәсіпорындарын ашу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша мәселелерді шешу, солардың ішінде ірі қалалармен жергілікті елді мекендерді қатыстыратын көлік жолдарын салу сияқты мәселелер 38 бөлімнен тұрады. Сонымен қатар, жергілікті автокөлік жолдарының құрылысын дамытып, жылына 258 млн тонна жүк тасымалдауға көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезеңде біздің аймақта көптеген құрылыс жобалары бойынша, теміржол, автокөлік жолдарын қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері. Бұл Жезқазған аймағының болашақта еліміздің транспорттық-логистикалық орталығына айналуына септтігін тигізеді. 2013 жылы біздің қаламызда Үкімет бағдарламасына сәйкес канализация жүйесі мен коллекторлық-дренаждық жүйе құрылысын қарастыратын жобалау-сметасының құжатын құрастыру жоспарланған. Бұл жүйенің құрылысы 2014 жылы басталып, болашақта қаламыздың құрылыс аудандарын су басудан қорғап, Сәтбаев қаласының дамуын қатамасыз етеді.

Кешенді жоспар бойынша Сәтбаев қаласының 66-74 орамдарында канализациялық жүйе құрылысының жөндеу жұмыстары жоспарланған. Канализациялық жүйе құрылысының жөндеу жұмыстары 2014 жылы басталады. Сонымен қатар кешенді жоспарды жүзеге асыру барысында 2013 жылы №1 жылу Станциясын жаңарту және техникалық қайта жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.

Елбасының жаңа Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары атап көрсетілген. 2013 жылы Сәтбаев қаласының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуде 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй, 5 қабатты 35 пәтерлі тұрғын үй сатып алу жоспарланған.

ТКШ бағдарламасы аймағында 2013 жылы жергілікті бюджеттен келесі жобалар жүзеге асырылады:

– Екінші кезектегі Батыс ауданындағы каналицазиялық су құбырлары жүйесінің құрылысы;

– Бірінші санаттағы 10 балалар алаңын орнату;

– Қаламыздың жаңа аудан алаңдарында екі балалар ойын кешенін орнату;

– Үш көпфункционалдық хоккей кортын орнату;

– 4 автобустық тұрақ орнату;

– Қаланы көгалдандыру;

– Ерден көшесіндегі канализация мен ағынды суларды шығаратын канализациалы-насостық станциясын іске қосу.

Сонымен қатар, 2013 жылы ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа ескерткіш орнатылады.

Үкімет бағдарламасындағы шағын қалаларды дамытуға 2013 жылы Сәтбаев қаласында республикалық бюджеттен 1млрд. 199 млн. 636 мың теңге 5 жобаның асырылуына бөлініп жоспарлануда. Сонымен қатар, кеншілер алаңын қайта құру, сәулеттендіру, субұрқақ құрастыру, қала іші жолдарын жөндеу жұмыстарын, Шығыс пен Батыс тұрғын аймақтарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамытумен қатар, № 25 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, ТКШ мекемесінің жаңарту жұмыстары жалғастырылады.

2013-2016 жж. қаламыздағы үйлерді жаңарту жұмыстары жоспарланып, оның жартысы осы жылы жаңартылады.

2013 жылы үйлердің ішкі аулаларын абаттандыру жұмыстары басталады.

«Қазақмыс» корпорациясы мен Қарағанды облысы әкімімен жасалған меморандумда 2013 жылға келесі жұмыстар жоспарланған:

– Сәтбаев даңғылы бойындағы 2 кезектегі суару құбырларының құрылысын аяқтау;

– «Кенші даңғылы» саябағының абаттандыру жұмысын аяқтау;

– Қаламызда коммуналдық сауда орталығын ашу.

Барлығымыз жұмыла жұдырық болып осы жоспарланған үлкен қиын да күрделі қызықты жұмысты атқаруымыз керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау үшін халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік-экономикалық жағдайын күшейту қажет.

Біз еліміз үшін 2012 жылды абыроймен аяқтадық, 2013 жылдың қорытындылары да жақсы болатындығына үміттенеміз. Үкімет бағдарламаларын бірлесіп атқарып, өнеркәсіп және коммуникация, жеке кәсіпкерлік пен қаржылық құрылым арқылы Сәтбаев қаласы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосады деп сенемін.

Комментарии закрыты.