Жолдаудың маңызын түсіндірді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау жұмысы жалғасуда.

Кезекті кездесу бекітілген кестеге сәйкес «Тазалық – 2020» ЖШС ұжымында өтті.

Ақпараттық-насихат тобының белді мүшесі – №16 орта мектептің директоры Қайрат Смайлов Жолдаудағы жеті үлкен бөлімге, он сын-қатерге қысқаша шолу жасап өтті. Жолдаудың келешекте жүзеге асуына әр тұрғынның өз үлестерін қосуы керектігін, ол үшін ерінбей адал еңбек ету – баршамыздың ортақ мақсатымыз болуы тиістігін айтты. Тыңдаушылардың денінің ата-аналар екендігін ескере келе, Қайрат Құлыбекұлы төртінші бағытта айтылғандай, жеткіншек ұрпақтың қазіргі заманға бейімделуіне, функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет, деді.

Өз кезегінде №3 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ляззат Әбдірахманова «өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек» деген Жолдау жолдарын келтіре отырып, білімді жастардың алдында да үлкен міндеттер тұрғанын, сондықтан бала тәрбиесін ешқашан назардан тыс қалдырмауды сұрады.

Майра Смағұлқызы.

Комментарии закрыты.