Қолжетімділік арта түспек

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың «Салауатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының және ҚР ДСМ 2012 жылдың 4 қарашадағы №788 «Амбулаториялық деңгейде белгіленген аурулармен ауыратын және арнайы емдік дәрі-дәрмектерге мұқтаж науқастарға ТМККК шеңберінде тұрғындарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтардың тізімі» бұйрығын орындау мақсатында өткен жылы Сәтбаев қаласының емханасында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Тұрғындардың тиісті тегін дәрілік препараттарға қолжетімділігін арттыру үшін мемлекет тарапынан дәрілік құралдарды сатып алуға бағытталған қаражат көлемі жыл сайын арта түсуде. Айталық, 2012 жылы қала тұрғындарының тиісті топтарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 47 млн. 313 мың 194 теңге көлемінде қаражат бөлініп, 5484 науқас тегін дәрімен қамтамасыз етілді. Былтырғы жылғы мәліметтерге сүйенсек, тегін берілетін дәрі-дәрмектің игерілуі 100 пайызды құрады.

Қазіргі уақытта республика бойынша дәрімен қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілуде. Біздің қаламызда 2012 жылдан бастап диспансерлік есепте тұрған аурулар мен рецептерді есептеуді сатылап электрондық тіркеуге кіргізу жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл дәрілік препараттарды сатып алуды жоспарлауға, аурулардың санына және дәрі-дәрмек алған ауруларға бақылау жасауға мүмкіндік туғызады.

М.Смағұл.

Комментарии закрыты.