Құрметті азамат қолдады

Білімнің қара шаңырағы – №27 қазақ орта мектебінде оқитын әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасының, қамқорлыққа алынған балаларды әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында бір ай бойы қайырымдылық акциясы өтті.

Осы акцияның аясында оқушылар жылы киімдермен қамтылды. «Жамандықты бар адам жасайды, жақсылықты ер адам жасайды» деген аталы сөз бар қазақта. Осы сөзді қайырымдылықпен ұштастырған қаланың Құрметті азаматы Алияр Жарасбаев пен жары Гүлзия оқушыларды қазіргі сән үлгісіндегі қымбат қысқы киімдермен қамтамасыз етті. Елге танымал азамат 6 А сыныбының бір оқушысының жағдайын жасап берді.

Мектеп мұғалімдері М.Мұхтарова, Г.Идирова және әлеуметтік педагог М.Қызданова өз сыныптарындағы оқушыларды жылы киімдермен қамтамасыз етсе, асхана жалгері Ф.Дюмкулова 2500 теңге көлемінде балаларға киімдер алып берді. Ата-аналар да қолынан келгенінше акцияға үлестерін қосты.

«Қайырымдылық – асыл қазына» деген сөз бар. Осы асыл қазынамызды тек сөзбен ғана емес, іспен дәлелдеп жүрген Алияр және Гүлзия Жарасбаевтарға мектеп әкімшілігінің ата-аналардың айтар алғыстары шексіз.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.