Палуандар ерледі

Жылан жылы кенді қаламыздың спортшылары үшін жақсы жаңалықпен басталды. Жақында Теміртау қаласында дзюдю күресінен 1996-97 жылы тылған жасөспірімдер арасында ақпан айында Семей қаласында болатын ел біріншілігіне іріктеу кезеңі өтті. Бұл боз кілемдегі белдесуге сәтбаевтық жас өрендер де барып, бақ сынап қайтты.

Спорттың осы бір түрінен шебер атанған жас маман, мәдени-сауықтыру спорт орталығының жаттықтырушысы Кенжезәру Қашқынованың әдіс-тәсілін меңгеріп жүрген Жанболат Омар 46 келі салмақта, сондай-ақ, 50 келі салмақтағы Диас Әшімов іріктеу кезеңінде бірінші орынды еншілеп, Семейде өтетін біріншілікке жолдама алды.

– Қазір екі палуан дайындық үстінде. Біріншілікте осы екі шәкіртімнен жеңіс күтемін. Біздің спортшыларымыздың осындай жарыстарға барып, спортпен айналысуға мүмкіндік жасап, қаржылай көмек көрсетіп отырған білім, денешынықтыру және спорт бөліміне алғыс айтамыз, – дейді К.Қашқынова.

Жылды жағымды жаңалықтарымен бастаған жас спортшыларға – сәттілік!

Б.Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.