«Балапан» – болашақтың бағдарламасы

Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін қазақстандық мектепке дейінгі білім жүйесі Орталық Азияда ең үздік болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 пайызын қамтыды. Тек қана мектепке дейінгі тәрбие аясында баланың табиғи қабілеті мен дене және психикалық денсаулығының негізі анықталады, этникалық, гендерлік ерекшеліктердің негіздері қаланады, функционалдық сауаттылықтың бастапқы деңгейімен танысады. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырыла бастаған сәттен бері республикамызда 3956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылды. Осы бағдарлама біздің қаламызда қалай жүзеге асырылуда, оның берген нәтижесі қандай?

Бұл сұрақтарды біз «Сәтбаев қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бойынша бас маманы Қымбат Жарасоваға қойдық.

– Сәтбаев қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде қала әкімдігімен бірлесе балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қалалық жоспар жасалды.

Қалада барлығы 30 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. 16 балабақшаның, үшеуі – қалалық білім мекемесіне, ал 13-і «Қазақмыс» Корпорациясының ЖМ «Дошкольник» мекемесіне қарасты. Орта білім беру мектептерінің жанынан ашылған 14 шағын орталықта 305 бала тәрбие мен білім алуда.

15 орта білім беру мектептерінің 37 мектепалды сыныптарында алты жастағы 227 бала біліммен және тәрбиемен қамтылған. Барлық білім беру ұйымдарындағы педагогикалық кадрлардың арнаулы орта және жоғарғы білімдері бар.

Білім беру ұйымдары білім мазмұнының жаңаруына үлкен көңіл бөлуде.

Сонымен қатар, балалардың денсаулығын сақтау және бала өмірінің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізіледі. Әр мекемеде спорт залдары, спорттық және ойын алаңдары бар. Балабақша қызметкерлері өз жұмыстарында мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын жақсарту және дамытуға арналған әдістемелік материалдарды, ұсыныстарды басшылыққа алады. Сауықтыру және емдеу, аурудың алдын алу жұмыстары педагогикалық ұжымдардың, ата-аналардың көмегімен, медициналық қызметкерлермен әр баланың ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

«Балапан» бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға арналған орындардың жеткілікті болуын қамтамасыз етеді және білім беру қызметінің сапасын көтеруге ықпал жасайды.

М.Жаппасбаева.

Комментарии закрыты.