Жолдауды талдады

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған отырыс өткізілді.

Тақырып бойынша басқарма бастығы Б.Шәкенов баяндама жасады. Баяндамашы еліміздің жетістіктерін айта келе, ел азаматтарының әлеуметтік деңгейін көтеруге жұмылдыратын жаңа міндеттердің алға қойылып, еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы жария етілгенін және Елбасы белгілеп берген жеті басымдықты атап өтті. Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, қазастандық демократияны дамыту, мемлекеттілікті, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм. Баяндамада EXPO-ның жеңісі, ЕҚЫҰ-ның жиыны туралы да айтылды. Баяндамашы мемлекеттік қызметшілерді Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Қазақстан-2050» Стратегиялық даму бағдарламасы шеңберінде жасалып отырған жұмысыты бірігіп жалғастыруға шақырды.

Отырыста басқарма қызметкерлері Г.Абдикаримова, О.Қалиева Елбасы Жолдауы бойынша өз ойларын ортаға салды. Елбасы әр жылғы Жолдауында үнемі басты назарды еңбекке бағыттайды. Бір адамның бақытты,тыныш өмір сүруі Отанына пайдалы. Бір адам арқылы Отан көркейеді.Сол үшін де бәріміз бірлікте,татулықта бақытты өмір сүруге талпынайық деген пікірлерін білдірді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.