Игі істер – өскелең ұрпаққа

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің әр Жолдауында білім саласы мен жастарға аса назар аударады.

Осының  негізінде жалпы біліммен қамту қорынан мектеп оқушыларына барлық жағдайлар жасалуда.

Атап айтсақ, жыл сайын көп балалы, жағдайлары төмен отбасыларының, ата-анасының қамқорынсыз қалған 170 оқушыға қысқы киімдер, оқу құралдары және тегін тамақ бөлініп тұрады. Сонымен қоса, бірінші сыныптың барлық оқушылары тегін тамақтанса, мектептен шалғай аудандарда тұратын барлық оқушылар тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілген. «Қайырымдылық акциясы» негізінде оқу жылы бойы әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларына осындай түрлі көмектер көрсетілуде. Қашан да  игі істерімен  оқушыларға көмек қолын созатын жалпы біліммен қамту орталығына №1 мектеп әкімшілігі және ата-аналар атынан зор алғысымызды білдіреміз.

А.Абдигожина.

Комментарии закрыты.