Болашақтың бағдары

Шығыс Жезқазған кенішіне қарасты №57 шахтаның мәжіліс залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау мақсатында құрылғын ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері, қала әкімінің орынбасары М.Мәдиева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Т.Қапарова, технологиялық колледждің тарих пәнінің мұғалімі Г.Оралбаеваның қатысуымен кездесу өтті.

Кеніш ұжымымен кездесуді ашып, жүргізген М.Мәдиева болашақ дамудың жеті бағытын айқындап берген стратегиялық құжат – жаңарудың даңғыл жолы деді.

Г.Оралбаева Жолдаудың жүгін көтерген басты бағыттар – әлеуметтік саясат, экономикалық тұрақтылық, ұлт денсауылығы, білім беру салалары мен қазақстандық демократияны, жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту сынды өзекті мәселелерге де Елбасы Жолдауда аса мән бергенін атап өтті.

Жаңару мен саяси дамытудың баспалдағына қадам жасаған стратегияда жүктелген халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту тұрғысында атқарылған, алда атқарылатын жұмыстармен Т.Қапарова таныстырды.

Жиынды қорытындылаған Марал Сағынай-қызы келешегіміздің көк жиегін кеңейткен бұл құжаттың болашақ ұрпақ үшін маңызды екенін айта келе, кеніш ұжымына табыс тіледі.

Б.Қазкенов.

Комментарии закрыты.