Экономиканың локомотиві

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді» деді.

Қазіргі уақытта 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының шеңберінде әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құрудың 3 инвестициялық жобалары іске асырылуда. Атап айтсақ, Атырау облысында «Интеграцияланған газ-химия кешенін салу», Атырау мұнай өндіру зауытында хош иісті көмірсутектерді өндіру кешенін салу және жылына 400 мың тонна жол битумын өндіретін  «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумы өндірісін салу».

Бұл жобалар екі кезеңмен бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда және ҚР Мұнай және газ министрлігінің бақылауында тұр.

Дайындаған М.СМАҒҰЛ.

Комментарии закрыты.