Газ саласы тұрақты өсуде

«Еліміздің ішкі жалпы өнімінде (ІЖӨ) мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 1997 жылғы 3,7%-дан 2006 жылы 14,7%-ға және 2011 жылы 25,8 %-ға өсті.» (Жолдау жолдарынан).

Қазақстан Республикасының энергетика және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ҚР отын-энергетикалық балансындағы газ үлесін көбейту және тұтынушылардың басым көпшілігін газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, ҚР мұқтаждығына өндірілетін ілеспе газды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңын дайындады және оған Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы 9 қаңтарда қол қойды. Осы Заң аясында кешенді бағдарлама жасалып, елді мекендерді газдандыру бойынша 2013 жылы 46 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл шаралар елімізді тауарлы газбен жабдықтау жүйесін реттеуге, желілердің қатты тозу мәселесін шешуге және сұйытылған табиғи газ нарығын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

Дайындаған М.СМАҒҰЛ.

Комментарии закрыты.