Жаңа технологиялар дәуірі

Елімізде индустриаландыру бағытындағы атқарылған істер мен техникалық жетістіктерімізді көрсететін мүмкіндік туды. Жаңа технологиялар дәуіріне қадам басқан еліміздің әлемдік дәрежеде мұндай мүмкіндікке қол жеткізуіне – халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесі ықпал жасамақ. Енді төрт жылдан соң қазақ халқының жаңа технологиялық даму дәуірінің көкжиегі айқындалып, қазақстандық ғылымның өрлеуіне сеп болмақ.

Әлемдік бәсекеде бағы мен бабы қатар шапқан бұл көрмеге тас түйін дайындықпен, жаңа мүмкіншіліктерімізбен баруға тиіспіз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «ЕХРО-2017 бұл үдеріске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмекетесуі тиіс» деген болатын.

Болашақ энергиясы мен жаңа технологиялардың дамуына баса назар аударып отырған халықаралық көрме табыстың молайып, елдің көркеюіне ықпал етеді.

Елордасында өтетін көрмеге қазір еліміздің әр облысы, әр қаласы өз үлесімізді қоссақ деген ниетте өздерінің ғылыми, технологиялық жобаларын пысықтап жатса, үкімет осы бағытта мамандар даярлау ісін қолға алып жатыр.

Қалай десек те, бұл көрме еліміз үшін жаңа өрлеудің сатысы деп білемін.

Тоғызбай Тәжбенов, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты.

Комментарии закрыты.