Күтер жеңіс алда

Қалалық мәдени-сауық спорт орталығының спортшылары – Омар Жанболат және Диас Әшімов қаңтар айында Ағадыр кентінде өткен 1996-97 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы дзюдо күресінен ел чемпионатының іріктеу кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Диас І орынды иеленсе, Жанболат ІІ орынмен қанжығасын майлады. Сөйтіп, екі жас спортшы ақпан айында Семей қаласында өткен чемпионатқа қатысып, екеуі де әлемдік бәсекеге шығып, белдесу мүмкіндігіне ие болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен дзюдошылар қатысқан чемпионатта Омар Жанболат өз салмақ дәрежесіндегілерден оза шауып, ІІІ орынға ие болды. Әрине, мұндай жетістікке жету біздің қала үшін зор мақтаныш. Себебі, бұл жетістік тек қаламыз бойынша ғана емес, облыс бойынша ең алғаш Жанболат жетіп, қоржынды қоламен толтырды.

Енді Жанболат пен Диас наурыз айында Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, Евразиялық ойындарға берілетін жолдаманы сарапқа салмақ.

Кенжезәру Қашқынованың жетекшілігінде дзюдо күресінің қыр-сырын меңгеріп жүрген жас күресшілерден күтер жеңіс мол.

Б.Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.