Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық төлқұжаттарын беру

Мемлекеттік қызметі уәкілетті орган немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы көрсетіледі. Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатын алу үшін құқық иеленушісі келесі құжаттарды тапсырады:

техникалық төлқұжатты беру туралы өтініш; Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, жеке куәлік,шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі,босқын куәлігі (түпнұсқа мен көшірмесі); жылжымайтын мүлік нысанына құқық иелену құжаттары; жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаты; техникалық төлқұжатты беру үшін төлем жасалғанын растайтын құжат.

Пәтерлер, жатақхана бөлмелерінің техникалық төлқұжаттары үш жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) беріледі. Жеке меншік тұрғын үйлердің, жеке меншік гараждардың, саяжай құрылыстарының техникалық төлқұжаттары беріледі.

Жеті жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

Б.Дюсенова, ХҚКО инспекторы.

Комментарии закрыты.