Жаңа тағайындаулар

Өткен сенбіде әкімдіктің мәжіліс залында қала әкімі Б.Ахметовтың, әкімнің орынбасарлары мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.

Отырысты ашып жүргізген Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Дюсенбаев жаңадан тағайындалған қала прокуроры мен оның орынбасарын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Серік Тілеубайұлы Назарбеков Сәтбаев қаласының прокуроры, Әсет Өмірғалиұлы Қызылов прокурордың орынбасары болып тағайындалды.

Жаңа тағайындаулардың өмірбаянына қысқаша тоқталған Н.Дюсенбаев, соңғы уақытта кадрлардың жасарып келе жатқанын және бірден екі лауазым иесін тағайындау бірінші рет болып отырғанын атап өтті.

Облыс прокурорының орынбасары кеншілер қаласының тыныс-тіршілігінен қысқаша хабардар етіп, көңіл аударарлық мәселелерге де тоқталды.

Жаңа лауазым иелеріне әкім аппаратымен тығыз қарым-қатынаста болып, қала тұрғындарының құқығын қорғау жолында бірлесіп, Заң шеңберінде жұмыс істеуді тапсырды.

Өз тарапынан қала әкімі Батырлан Ахметов С.Назарбеков пен Ә.Қызыловты қызметтерімен құттықтап, алдағы істеріне табыс тіледі. Халық мүддесі үшін бірлесіп жұмыс істейтіндерін жеткізді.

Майра Смағұлқызы.

Комментарии закрыты.