Ерлер есімі ұмытылмайды

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толған күн қарсаңында Ауған ардагерлерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет беріп, оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында №5 орта мектебінде бір қатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Афганистан – боль моя» тақырыбында 6 «А», 7 «А» сыныптарында тәрбие сағаттары, «Ауған сөнген шоқ, өшкен арман» тақырыптарында ақпараттық стенд безендіріліп, 3 «Б» сыныбында тәрбие сағаты, «Ерлер есімі мәңгі есте!» тақырыбында 5 «Б» сынып ұжымымен сынып жетекшісі А.Жетпісбаеваның жетекшілігімен кездесу ертеңгілігі ұйымдастырылды. Іс-шараларға мектеп директоры Г.Бекішева, әдістеме жұмысының жетекшісі Э.Нұржанова, тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Ахметова, мектеп психологы Е.Рожнова қатысты. Шақырылған ардагерлердің кейбірінің келмей қалғанына қарамастан оқушылар өздерінің дайындаған іс-шараларын жоғарғы деңгейде көрсете білді. Іс-шарада тарихи мағлұматтар беріліп, осы сұм соғыстың куәгерлері болған жерлестеріміз жайлы слайдтар, бейнероликтер көрсетіліп, Ауған жерінде қаза болған жауынгер ағаларымызды еске алуға бір минут үнсіздік жарияланды. «Жойылсын соғыс», «Алға, қазақ жігіттері», «Сарбаздар» әндері оқушылар тарапынан шырқалып, өлең шумақтары оқылды. Шара қорытындысында мектеп директоры Г.Бекішева сөз алып, іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдірді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.