Мәдени өмірдегі жетістіктеріміз

Тұрғындарға рухани азық сыйлап, эстетикалық тәрбие беру, мемлекеттің мәдени саясатын жүргізу мақсатында қала бойынша 8 мәдени-сауық ұйымы қызмет көрсетеді. Олардың қатарында орталықтандырылған кітапхана жүйесі, балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, мәдени-сауық және мәдени-сауықтыру спорт орталығы, Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы, Весовая елді-мекенінде орталықтандырылған кітапхана жүйесінің филиалы – отбасылық кітапхана және ППЖТ клубы бар.

Мәдени-сауықтыру спорт орталығына қарасты 5 аула клубтарында 2500 бала спорттың әр түрімен айналысады. Салауатты өмір салтын қалыптастыратын, жастарды патриотизмге баулитын бірнеше шығармашылық топтар жұмыс істейді. «Кеншілер сазы» қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, «Сәтбаев балғындары» барабаншылар тобы, «Элгита» вокалды-инструменталды ансамблі, «Самоцветы» және «Сатпаевские зори» ардагерлер хор ұжымдары, «Айла», «Лашын», «Грация» би топтары және «Дэнс Лайф» брейк-дэнс тобы, «Алғабас» жастар театры, «Стиляги» жас көрермен театры, ән жазу студиясы және көптеген жеке орындаушылар.

Өткен 2012 жылы мемлекеттік және ұлттық, кәсіби мерекелерге, мәдениет және өнер саласының танымал тұлғаларының мерейтойларына арналған 675 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша 11 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде Ғабиден Мұстафиннің 110-жылдығына арналған жас ақындар мен прозаиктердің байқауы, өзге ұлт жастарының арасында Абай оқулары, үш тілді меңгергендер арасында «Тілдарын» байқауы, Баубек Бұлқышевтың шығармаларын мәнерлеп оқушылардың аймақтық байқауы т.б. бар.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жас таланттарды қолдауға, шығармашылық потенциалдарын жүзеге асыруға көп көңіл бөледі.

Айтулы шаралардың бірі – «Қазақстан-1» ұлттық телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілген «Айгөлек» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауына қатысқан Жансая Керменбаева ІІІ-ші орынды иеленді.

Гамаюнова Светлана XIV Республикалық тілдер фестивалі аясында ұйымдастырылған «Абай оқулары» байқауында 2-орынды, Қарағанды облысы әкімі сыйлығының «Тіл жанашыры» номинациясын иеленді.

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Байгазиева Аманкүл Қарағанды облысы әкімі сыйлығының «Үздік кітапханашы» номинациясының иегері атанды.

«Күншуақ» республикалық балалар шығармашылығы байқауында Серкебаева Салтанат «Вокал» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің XXII «Ұлытау үні» аймақтық фестиваліне 13 өнерпазымыз қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Термеші, күйші байқауларында М.Әбушәріп және А.Жаппар номинациялармен марапатталды. «Жұлдыз — 2012» жас ән орындаушылар байқауында Д.Сәдірбекова мен Р.Асқап ІІ орындарды иеленді.

Мәдени-сауық орталығы жанынан ашылған оқыту-әдістемелік кабинетінде 12 топ мемлекеттік тілге оқытылып барлығы 174 адамды қамтылды. Қорытынды емтихан нәтижесі бойынша 168 адамға сертификат, 6 адамға анықтама берілді.

Қ.Төлеш, «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің бастығы.

Комментарии закрыты.