Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары

Ақпанның 21-і күні Қарағанды облысының Сәтбаев, Теміртау, Абай, Шахтинск қалаларында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (КҚО) ашылды.

Осындай орталықтар өткен жылдың 15 қарашасында Қарағанды облысының Саран, Балқаш, Қаражал, Жезқазған қалаларында ашылған болатын. КҚО ашылуы ҚР Үкіметінің 2012 жылдың мамыр айында бекіткен 2012-2020 жылға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасының бөлігі болып табылады. Ал, «Даму» Қоры өз тарапынан Кәсіпкерліктің қызмет бабы орталығының концепциясын жасап шығарды.

Осы концепцияға байланысты кәсіпкерлерге кешенді қызметтер 3 деңгейлі жүйеде көрсетіледі: облыстық орталықтар деңгейінде (КҚКО — Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары), моноқалаларда (КҚО — Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары) және аудандарда (МКҚО – Мобильдік кәсіпкерлерді қолдау орталықтары).

Моноқалалар деңгейінде стационарлық Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау сұрақтары бойынша ақпараттық-консалтингтік қызметтер, бизнесті жүргізу бойынша және т.б. қызметтер көрсетеді.

Мобильдік кәсіпкерлерді қолдау орталығы 2012 жылдың қараша айының 15-нен бастап шалғай орналасқан аудандарда кәсібін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге «Даму» Қорының қызметтерін көрсете бастады. 2012 жылы пилоттық жоба уақытында МКҚО Қарағанды облысы бойынша 69 кәсіпкерге кеңес берді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – кәсіпкерлікті қолдау интеграторы және негізгі операторы. Қордың бағдарламалары негізгі 3 бағытта жүргізіледі: кәсіпкерлерге қаржыландырудың қол жетімділігін арттыру және көлемін ұлғайту; индустриалды-инновациялық дамуына және кәсіпкерлік секторды әртараптандыруға жәрдемдесу; ШОБ-тің кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді оқытумен кәсіпқойлығын жоғарылату және ШОБ-тің топ менеджменті, шетелдік машықтану, сервистік және ақпараттық қолдау көрсету.

Қор құрылымында Қазақстанның он төрт облыстары мен Астана, Алматы қалаларында жалпы он алты аймақтық филиалы бар. Бүгінгі таңда Қор кәсіпкерлерді қолдау барысында қаржылай және ақпараттық-кеңестік 25 бағдарламаны іске асыруда.

Комментарии закрыты.